Меркіде күл шығарып, көмір жағатын ағайындардың саны азая түсті. Өйткені, Ақ арал, Сармолдаев, Қазақ диқан ауылдарына көгілдір отын жеткізілді.
Бүгінде «Ақбарысстрой», «Таразрегион-газаймақ» ЖШС жұмысшылары екі ауылды газбен толық қамтамасыз етіп, енді Қазақ диқан ауылына құбыр тартуда. Игілікті іс басына барып, құрылыс барысымен танысқанда «Ақбарысстрой» ЖШС шебері Бақытжан Мұсаев Ақ арал мен Сармолдаев ауылдарына 5 шақырым газ құбыры жүргізілгенін жеткізді. Ал, Қазақ диқан елді мекеніне республикалық бюджеттен бөлінген 64 миллион 500 мың теңгеге 4,5 шақырым қашықтықта газ құбыры тартылмақ. Бұл ауылда әзірге 40 үй күл шығарудан құтылған. – Біз қыркүйек айына дейін қалған 40 үйге газ кіргізіп беруді жоспарлап отырмыз. Әр үйге жеке газ кіргізілгенде ол тұрғындар қалтасынан төленетіні анық. Ал, ауыл мешітіне газды тегін кіргізіп беріп, сауапты іске үлес қоссақ деген ойдамыз, – дейді бригадир Әсет Қыдырғалиев. Ауыл тұрғындары болса, биылғы қыста отын дайындап, көмір түсіріп қамданудың енді қажеті жоқтығына қуануда.
Сейсен ҚОЖЕКЕ, «Ақ жол».
Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




