«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы биыл алғашқы айда медицина ұйымдарына халыққа тегін қызмет көрсеткені үшін 142,1 миллиард теңге төледі. Қаржы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде бөлінген. Бұл осы тегін көрсетілетін көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 16,8 пайызын құрайды. Ал облыс бойынша біздің қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 9,1 миллиард теңге төленіп отыр. Яғни кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 18,6 пайызы. Қазір жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті. Биыл жалпы Қазақстан бойынша Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша 1412 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 698-і – жекеменшік мекемелер. Былтырғымен салыстырғанда осы жылы жеке клиникалар саны 59-ға артқан. Негізі медициналық сақтандыру қоры емдеу мекемелерімен кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен. 2019 жылғы бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 846 миллиард теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға көп. Жалпы медициналық сақтандыру қоры былтырдан бастап кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы екені мәлім. Қор халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді Үкімет бекіткен тәртіп бойынша сатып алумен айналысады. Қазіргі уақытта өңірімізде 88 медицина ұйымы қордың жеткізушілері болып анықталған. Оның 49-ы жекеменшік мекеме. Қордың барлық жеткізушілер тізімін fms.kz сайтында «Клиниканы таңдау» бөлімінен алуға болады.
Мавлюда БОҚАЕВА, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыс бойынша филиалының директоры.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді