ОТАНСҮЙГІШТІК ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНЕН БАСТАЛАДЫ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы облыс бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен «Гендерлік саясат: қоғамдағы әйел теңдігі» тақырыбында облыстық деңгейдегі дөңгелек үстел отырысы өтті.
Оның басты мақсаты – отбасындағы гендерлік теңдікке қол жеткізу, отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейту және гендерлік теңдікті қолдау.
Басқосу барысында тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының профессоры Күнсұлу Сатханқызы отбасындағы бала тәрбиесіне аса көңіл бөлу қажеттігі туралы, кафедра тренері Бибі Арғынбайқызы отбасындағы гендерлік қатынас жайлы әңгімеледі. Т.Рысқұлов ауданының Қ.Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектеп директоры Ақбота Стыбаева оқушыларды отбасылық өмірге дайындау және тәрбиенің гендерлік аспектілері бойынша педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытуда жаңа көзқарасты қалыптастыру керек екенін айтты. Сондай-ақ М.Горький атындағы орта мектептің директоры Гүлсім Найзабекова оқушыларды отбасылық өмірге дайындауда мектеп пен отбасының рөлі қашанда биік деді. Ал Ш.Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектептің тарих пәні мұғалімі Мейрамбек Ақымбеков гендерлік саясатты жүзеге асыру барысындағы артықшылықтар мен кемшіліктерді айтып, өзекті мәселелерді де ортаға салды.
Іс-шара соңында баяндамашылар мен сөз сөйлегендерге сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді.
Аманкүл Есмырзаева.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




