Қордай кеденіне қарасты «Қарасу» кеден бекетінде есірткі тасымалдаушы Тәжікстан азаматы қолға түсті. Облыс бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша ол 30 килограмм героинды Қазақстан аумағы арқылы Еуропа елдеріне алып өтпек болған.
1962 жылы туылған тәжік азаматын департаменттің контрабандаға қарсы күрес басқармасы мен Қордай кеденінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында құрықтады. Күдікті көлігінің жүк салғышында жатқан тұрмыстық газбаллонды екіге бөліп, ортасына 27 дана түйіншектегі отыз килограмм героинды жасырған болып шықты. Қазіргі уақытта сот сараптамасы тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. «Сыпатай батыр» кеден бекетінен де кеденшілер екі килограмға жуық героинды беліне байлап өтпек болған 30 жастағы Қырғызстан азаматын ұстады. Аталған бекеттің құжаттарды рәсімдеу залында «Цезарь» атты иісшіл ит күдіктіні бірден жазбай таныған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




