Өңір экономикасын дамыту – әлеуметтік мәселелерді шешудің негізгі тетігі. Олай дейтініміз экономиканы көтеру арқылы ішкі табысты арттыруға болады. Облыс әкімдігінде өткен жиында өңір басшысы Асқар Исабекұлы осылай деді. Селектрлік режімде өткен жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, тиісті басқарма басшылары және аудан әкімдері қатысып отырды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Арнұр Мұхамеджанов баяндама жасады. Ол Елбасының былтырғы 5-қазандағы Жолдауы мен «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде жарияланған «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты бағдарламасындағы тапсырмаларды орындау, әлеуметтік мәселелерді шешу жолындағы экономиканы арттырудың негізгі іс-шараларына тоқталды. Басқарма басшысының айтуынша, өңірдегі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға мониторинг жүргізу, инвесторлар тарту арқылы жаңа инвестициялық жобаларды және арнайы экономикалық аймақ құру, мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асырудың өзектілігі жоғары. Сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерліктің базасын құру, сауда саласын реттеу секілді жұмыстардың да маңыздылығы айтылды. Бүгінде облыс бойынша жұмыс істеп тұрған 632 өнеркәсіптік кәсіпорын бар болса, оның 439-ы өңдеуші, 193-і тау-кен өңдеу, электр және су жеткізу кәсіпорындары. Олардың 288-і Тараз қаласында, 151-і аудандарда орналасқан. Сондай-ақ қазіргі таңда өңірдегі 99 кәсіпорын мемлекеттік қолдауға мұқтаж екен. Атап айтар болсақ, 65 кәсіпорын қаржылай көмекке, 34 кәсіпорын жер мәселесі, өнім өндіру, кадр және шикі зат мәселелері бойынша қолдауға зәру. Асқар Исабекұлы Елбасы тапсырмасындағы халықтың тұрмыс сапасын арттыру, әлеуметтік мәселелерін шешудің негізгі жолы аудандар мен ауылдардағы шағын кәсіпкерлікті өркендету екенін айтты. Әр елді мекеннің әлеуеті мен көп тұтынатын өнімдеріне зерделеу жүргізіп, кооперативтер құру, шағын цехтар салу керектігін ескертті. Сол арқылы жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті тұрғындардың сұранысын қанағаттандыруға болады. Сонымен қатар өңір басшысы қарапайым заттар экономикасын қалыптастыру арқылы тұрғындардың азық-түлігін, киімі мен басқа да күнделікті тұтынатын заттарын өндіріп, жұртты тұрақты жұмыспен қамтып, оның тұрмысын жақсартуға болатынын жеткізді. Қарапайым заттар өндіру үшін тым қымбат құрал-жабдықтың, керемет инновациялық технологияның және өте жоғары деңгейлі кадрлардың қажеті жоқ. Сәйкесінше мұндай жобаларға құйылатын инвестицияның да көлемі шағындау болады. Ал ең бастысы, бұл өнімдерге үлкен сұраныс бар, – деді Асқар Исабекұлы. Өңір басшысы облыстың экономикалық-әлеуметтік дамуы жолындағы негізгі атқарылатын жұмыстарды осы бағытта жүргізу керектігін ескертіп, бұл бойынша барлық жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Алдағы үш күннің ішінде осы бойынша аудандар осыған қатысты өз ұсыныстарын беріп, барлық сала бойынша ұсынылған жобалар топтастырылатын болады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді