«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Қазаққа қымбат есім»

«Қазаққа қымбат есім»
ашық дереккөз
«Қазаққа қымбат есім»

Нұрғиса Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатында 7-9-сынып оқушылары арасында «Қазаққа қымбат есім» атты Қазақстан Республикасының тұңғыш генералы және Қорғаныс министрі, ҰОС ардагері, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағанбетовтің 95 жылдығына арналған танымдық кездесу кеші өтті. Шараға Халықаралық ҚР тұңғыш генералы С.Нұрмағанбетов қорының облыстық филиалының өкілдері Базарбай Шақкузов, Асылбек Өмірзақов, Мырзабай Бекназаров қатысты. Танымдық кеште тәрбиеленушілерге «Қазаққа қымбат есім» атты бейнесюжет көрсетілді. Генерал С.Нұрмағанбетовтің өмірі, еңбек жолы мен алған марапаттары туралы айтылып, Сағадат атамыз бұл дүниеден озған кезде қоғам қайраткерлері тілге тиек еткен ғибратты сөздер жүректерге нұр құйды. Сағадат Нұрмағанбетов жайлы 8-сынып оқушылары Маржан Тайбосынова – «Батыр», Әйгерім Мырзабекова – «Сағадат ата», Нұрай Дүйсен – «Ұлы Жеңіс күні», Әділет Ахмет – «Бейбіт елдің ұланымыз», Алмас Знабилов – «Жеңіс», Перизат Досбосын – «Мәңгілік ел» атты өлеңдерін шабыттана оқыды. Сонымен қатар мектепішілік «Біз Ұлы Жеңістің ұрпақтарымыз» тақырыбында сурет, эссе байқауына қатысып, жүлдегер атанған оқушылар дипломдармен марапатталды. Іс-шарада мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері патриоттық әндер шырқап, шағын концерттік бағдарламаны назарға ұсынды. Шақырылған қонақтар оқушылармен сұхбат жүргізді. Кездесу соңында мектеп-интернат директоры Ельмира Жақсылықова қонақтарға ризашылығын білдіріп, тәрбиеленушілер атынан кітаптар және кәдесый табыс етті. Айжан МЫРЗАХМЕТОВА, халықаралық ұстаздар одағының мүшесі.

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар