«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Кәсіпорындар жылды табысты аяқтады

Кәсіпорындар жылды табысты аяқтады
ашық дереккөз
Кәсіпорындар жылды табысты аяқтады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистерге облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары Талғат Шалдарбеков салада өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алға қойылған міндеттер туралы кеңінен әңгімелеп берді.

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Талғат Базарбайұлының айтуынша, есепті кезеңде облыс бойынша өнеркәсіп кәсіпорындары 396 253,1 миллион теңгенің өнімін өндірген. Кен өндіру және карьерлерді қазу жұмыстарының жалпы сомасы 46 424,5 миллион теңгені құрап, бұл саладағы өсім 11,7 пайызға жоғарылаған. Өңдеу өнеркәсібінің табысы 280 876,1 миллион теңгеге жетіп, облыстағы үлесі 70,9 пайызды құрап отыр. Ал жеңіл, химия және металлургия өнеркәсіптерінде және машина жасауда оң серпін байқалуда. Биыл жыл басында облысымызда 63 262 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркеліп отыр. Өңір кәсіпкерлерінің саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,8 пайызға артқан. Соның нәтижесінде тұрақты жұмыспен қамтылған жұмыссыздар саны 118 053 адамға жетіпті. Кәсіпкерлер күшімен былтыр 321,3 миллиард теңгенің өнімі өндірілуіне қол жеткізілген. Атап өтерлік жайт, кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында өңірімізде жалпы құны 10 миллиард теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылып, 481 жаңа жұмыс орны ашылған. Ал инфляция деңгейі жыл қорытындысы бойынша облыста 105,2 пайызды құрап, өңіріміз республикада 9-орынға табан тірепті. Бұл көрсеткіш орташа республикалық көрсеткіштен 0,1 пайызға, мұның алдындағы жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 2,0 пайызға төмен. Оның ішінде азық-түлік тауарларының тұтыну бағасының индексі – 105,2, азық-түлік емес тауарларыныкі – 106,6, ақылы қызметтер 103,8 пайызды құрайды. Баяндамашы бөлшек сауда бойынша жоспарланған 104,3 пайыз индикатор жыл қорытындысымен 105,9 пайызға орындалғанын, яғни бөлшек сауда айналымының көлемі 279,3 миллиард, көтерме сауда айналымы 205,8 миллиард теңгені құрап, 10,1 пайызға ұлғайғанын атап өтті. Басқосу барысында журналистер тарапынан қойылған сауалдарға да тиісінше жауаптар қайтарылды.

Ұқсас жаңалықтар