«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қайыр сұрағандар мен балгерлерге айыппұл салынады

Қайыр сұрағандар  мен балгерлерге  айыппұл салынады
ашық дереккөз
Қайыр сұрағандар мен балгерлерге айыппұл салынады

Енді 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстанда қайыр сұрағандар мен балгерлер әкімшілік жазаға тартылатын болады. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің жаңа редакциясында осындай әрекеттер үшін айыппұл төлеу мен тұтқындау қарастырылған. «Қоғамдық орындарда жабысу» деп аталатын жаңа бап бойынша жұртты мезі қылатын қайыршылар мен балгерлерге бірінші заңбұзушылық әрекеті үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Егер бұл қылығын тағы қайталаса қамауға алынады. Әкімшілік хаттаманы ішкі істер органдарының қызметкерлері толтырады. Заң шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға мейлінше қатаң. Қоғамдық орындарда бір рет жұрттың мазасын алғаны үшін олар бес тәулікке дейін қамалуы мүмкін, кейін ел аумағынан шығарылады. Мұндай жаңа талаптар көршілес Ресей елінің Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексін негізге ала отырып жасалған. Қазіргі уақытта жасөспірімдердің қайыр сұрауы бойынша ғана жаза бар. Ол үшін тілемсектікпен айналысқан баланың ата-анасына 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салады. Егер ата-анасы немесе басқа да азаматтар кәмелетке толмағандарды қайыршылыққа қасақана итермелесе, оған қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұрын елімізде жоғары аталған әрекеттер үшін ешкім жазаланбайтын. Бұл мәселені Парламент депутаттары өткен жылы көтеріп, ол жаңа кодексте ескерілді. Жаңа редакциядағы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске Мемлекет басшысы қол қойды.

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар