Төрт мектептің қазандықтары ауыстырылуда
Биыл аудан бойынша білім мекемелеріндегі ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 15 миллион теңге бөлінген болатын. Қазір 38 мектеп пен 11 балабақшаның есік-терезелері мен едендері сырланып, әктелді. Ғимараттардың екіжақты әйнектерін ауыстыруға бөлінген 480 мың теңге қаржы игерілді, әйнектеу жұмысы да аяқталуға таяу.
Басты мәселе – оқу орындарын қысқы жылыту маусымына әзірлеу. Сондықтан, бұл жұмыстың уақытылы әрі сапалы жасалғанын қадағалап отыру қажет. Аудандағы 38 мектептің 29-ы қатты отынмен, 11-і газбен жылытылады. Биыл төрт білім ошағы мен бір мектепке дейінгі мекеме ғимаратының қазандығы ауыстырылуда. Жеке кәсіпкер Руслан Каримовпен келісім-шарт жасастық. Мердігерлер мекемені газбен де, қатты отынмен де жылытатын пешке тапсырыс беріп отыр. Монтаждаушылар балабақшаның жылу жүйесін түгелдей ауыстыруда. Меркі ауылындағы №1 мектепке, Кеңес ауылындағы №6 мектеп пен Ақермендегі №11 мектепке қос-қостан қазандық қою жұмыстары да осы фирма құрылысшыларына тапсырылған. Сондай-ақ, Қарға батыр ауылындағы №35 мектепке де қосалқы пеш орнатылады. Құрылысшылар барлық жұмысты тамыз айының аяғына дейін аяқтауға уәде берді. Қапы қалмау үшін қазірден қамдану керек. Мектептерге 1 тамыздан бастап көмір тасымалдануда. Жалпы, аудан бойынша 65 миллион 952 мың теңгеге 6140 тонна қатты отын сатып алу көзделген.
Ұлан Жұматаев, аудандық білім бөлімінің әдіскері.
Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Мұғалімнің мүддесін қорғауда үлкен рөл атқарып келеді
- 15 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




