Тұрмыс сапасын арт тыру – басты талап
Үшінші жаңғыру кезеңінің айқындалған бағыт-бағдардың арқасында өткен жылдарда елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал тұрақты болды. Мемлекет басшысы күні кеше ғана ел алдында жасаған мәлімдемесінде атап көрсеткендей, бұл – осы кезеңде жүзеге асырылған индустриялық, әлеуметтік, инфрақұрылымдық даму, денсаулық сақтау және білім беру салаларын дамытуға қатысты мемлекеттік бағдарламалардың жемісі. Ол үшін қажетті қаржы да бөлінді. Шағын және орта бизнес кең қанат жаю үшін өз кәсібін ашамын деген азаматтарға тиісті қолдаулар көрсетілді. Кәсіпкерлікке бет бұрған жандарға түрлі сала бойынша өз ісін бастауға жеңілдікпен несие беру жолдары да нақтыланғанынан жұрт хабардар.Өткен жылы облыс экономикасының барлық салаларында тұрақтылық сақталып, бірқатар көрсеткіштер бойынша оң өзгеріс қалыптасты. Басты көрсеткіш – экономиканың өсіміне қатысты қысқа мерзімді индикатор 104,6 пайызды құрады. Осының өзі атқарылған жұмыстардың нақты нәтижесін көрсетсе керек. Ал алдағы жоспарлы жұмыс Президент Жолдауында нақтыланғандай, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартып, табысын арттыруға бағытталмақшы. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов 2018 жылдың қорытындысы бойынша тұрғындар алдында берген есебінде осыны баса айтты. Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында өткен есеп беру жиынына Қаржы министрі Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Еркін Базарханов, Премьер-Министр кеңсесінің бас инспекторы Олжас Мәдиев қатысты.
Қолдауға мұқтаж кәсіпорындар бар
Есеп беру жиынында Асқар Исабекұлы экономикалық тұрақтылықтың сақталуына әсер еткен негізгі көрсеткіштерге егжей-тегжейлі тоқталып жатпады. Негізінен әкімдік жұмысының тиімділігін арттыруға қатысты қабылданған шараларды сөз етіп, бұл қадам түрлі саланы әрі қарай дамытуға ықпал еткенін атап өтті. Өндіріс көлемі өсіп, өңдеу өнеркәсібі өрлеп, негізгі капиталға салынған инвестиция артқанын тілге тиек етті. Бір жылдың ішінде 40,3 миллиард теңгеге 15 инвестициялық жобаның іске қосылуы – осы сөзіміздің айғағы. – Кәсіпорындардың мәселелерін шешу үшін облыстағы барлық 439 қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға барып, әр кәсіпорынның паспорты жасақталды. Соның қорытындысына қарай арнайы Карта әзірленіп, тиісті министрліктерге, қаржы институттарына арнайы баяндалды. Нәтижесінде Картаға енген 27 кәсіпорынға қаржылай емес және 4 кәсіпорынға қаржылай қолдау көрсетілді. Әрине, әлі де қаржыға, қолдауға мұқтаж кәсіпорындар бар. Елбасы тапсырмасына сай вице-премьер Е.Досаев өңірлерді аралап, осындай тізбе қалыптастыру керектігін ескертіп, жиындар өткізуде. Өздеріңіз байқап отырғандай, бұл бағыттағы жұмыстар біздің өңірде басталып кеткен. Облыста инвесторларға тиімді қызмет көрсету үшін «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін арнайы орталық ашып, жұмыс тәртібін бекіттік. Қазір 2025 жылға дейін құны 2 миллиард АҚШ долларынан асатын 170 жоба іріктеліп отыр. Былтыр шағын және орта кәсіпкерлердің саны 8 пайызға көбейіп, 63 мыңнан асты (118,1 мың адам). Өндірген өнім 321 миллиард теңгені құрап, 5,6 пайызға өсті, – дей келе Асқар Мырзахметов өңіріміз ауыл шаруашылығы өнімінің өсуі бойынша республикада алғашқы үштікке енгенін атап көрсетті.
Арнайы Карта ауыл шаруашылығын да алға басқызды
Саладағы мәселелерді жүйелі шешу үшін арнайы Карта ауыл шаруашылығы саласында да түзілгенін айта кеткеніміз жөн. Онда егістік алқабын көбейту жолдары қарастырылған. Қолға алынған нақты шаралардың нәтижесінде есепті кезеңде егістік 38 мың гектарға артып, 668 мың гектарға жеткен. Бүгінде оның электрондық дерекқоры да бар. – Картада сұранысы жоғары өнімдерге және озық технологияларға ерекше мән берілді. Айталық, үдемелі бақтар 30 пайызға артып, 625 гектарға жеткізілді. Алдағы екі жылда оның көлемін 1000 гектарға көбейткелі отырмыз. Жылына өсім 500 гектарды құрамақ. Өткен жылы шаруашылықтарға енгізілген су үнемдеу технологиялары 21 пайызға көбейтілді. Суармалы жерлерді көбейту үшін арнайы механикалық отряд құрылды. Оған облыстық бюджеттен 46 қажетті техника сатып алынды. Кеңестік кезеңде суармалы жердің алқабы 210 мың гектар болғаны белгілі. Соның бүгінде 96 мың гектары ғана қолданыста. Біздің жоспарымыз – игерілмей отырған 115 мың гектарды қолданысқа енгізу. Өткен жылы Байзақ, Жамбыл, Мойынқұм аудандарында 1400 гектар алқап қалпына келтірілді. Биылғы меже – 20-25 мың гектар, – деп сала ісін ілгерілететін тың бастамаларға тоқталған облыс әкімі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдаланудың межелері бекітілгенін айтып өтті. Соңғы уақытта облысымыздың шаруалары етті экспортқа шығаруды мықтап қолға алуда. Мәселен, олар былтыр 3 мың тонна ет, оның ішінде 1,6 мың тонна қой етін экспорттаған. Бұл – 2017 жылмен салыстырғанда 5 есеге көп. Республика бойынша экспортқа шыққан қой етінің 43 пайызын құрайды. – Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 183 кәсіпорын жұмыс істеуде. Бірақ жүктемелері төмен. Оның бірден-бір себебі – шикізатпен тиімді қамтамасыз етілмей отырғандығы. Сондықтан Картаға сәйкес, 1,5 мың қосалқы шаруашылықтарды біріктіріп, 55 кооператив құрдық.12 мың тонна өнім өндірілді. Нәтижесінде кәсіпорындардың жүктемесі 10 пайызға көтерілді. Ендігі жоспар – барлық ауылдық округтерде осындай кооперативтер құру. Жалпы былтыр салаға қатысты көрсетілетін мемлекеттік қолдау көлемін 16 миллиард теңгеден 20 миллиард теңгеге жеткіздік. Нәтижесінде олардың саны 1300 тауар өндірушіге көбейді, – деді облыс әкімі. Былтыр өңірімізде табиғатты қорғау үшін мамандандырылған, жануарлар дүниесін қорғайтын Жедел топ және «Табиғатты қорғау кеңесі» құрылғаны белгілі. Бұл шешім аз уақытта өз жемісін беріп отыр. Дерекке сүйенсек, небәрі 3-4 айдың өзінде 38 заң бұзушылық фактісі анықталып, 5 миллион теңге айыппұл салынған. Бұл жыл бойы салынатын айыппұлдардан 2 есе көп. Табиғатты сақтау декларацияның қабылдануы да осы салада нақты жұмыстар қолға алынғанын көрсетеді. Барлық басшылар, жалпы 4 мыңнан аса қызметші, оның ішінде 2 жарым мыңдай мемлекеттік қызметші серт беріп, осы құжатқа қол қойған екен. Өткен жылғы біткен істің бірі – Тараз қаласының сарқынды суларын тазартатын кешен құрылысына ТЭН әзірленгені. Сондай-ақ тиімді мониторинг жүргізу үшін замануи жылжымалы зертхана сатып алынған. Қазір «Жуалы-Қарашат» және «Қордай-Жайсаң» ерекше қорғалатын аймақтар құру құжаттары бойынша тиісті мемлекеттік органдармен келісім жүргізілуде. Биыл Меркі, Т.Рысқұлов, Жамбыл аудандарының таулы аумақтарында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру үшін техника-экономикалық негіздемеге қаржы бөлініпті.
Жергілікті мәндегі жолдардың жағдайы жақсара түседі
Өңір басшысы баяндамасында құрылыс саласындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті. Жалпы жамбылдықтар былтыр құрылыс саласында 124 нысан салынып, 482 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенінен құлағдар. Бұл – 2017 жылмен салыстырғанда 21 пайызға көп көрсеткіш. Бір ғана «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1673 отбасына 28 тұрғын үй беріліп, 38 инженерлік инфрақұрылым жобасы жүзеге асырылған. Сондай-ақ 39 үй жөндеуден өткізілген. Соның нәтижесінде жөндеуді қажет ететін үйлердің саны 20 пайызға азайып отыр. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын таппақ. 2000 отбасы баспанаға қол жеткізіледі деп күтілуде. Бүгінде облысымызда «7-20-25» бағдарламасын түсіндіру үшін арнайы Орталық құрылған. Қазірге дейін жалпы сомасы 878 миллион теңгеге 106 адам өтініш берді. Әлбетте, бұл аз. Бірақ бұл бағытта жұмыс жандандырыла түспек. Биылғы жоспарда тұрғын үй құрылысына бөлінген аумағы 8275 гектар жер телімін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көзделген. Ал жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер телімдеріне талдау жасалған. Жүргізілген тексеру жұмыстары арқылы 2262 телімнің 3-4 жылдан бері бос жатқаны анықталып отыр. Сондықтан осындай телімдерді заң аясында кезекте тұрған шын мұқтаж азаматтарға беру үшін жұмыс жүргізілуде. Былтыр архитектура саласында облыс аумағында кешенді қала құрылысы схемасын талдау жасау үшін 115 миллион теңге бөлінген. Ал автомобиль жолдарының жағдайын жақсартуға 12 миллиард теңге жұмсалып, 526 шақырым жол күрделі және орта жөндеумен қамтылған. Соның нәтижесінде жолдардың қанағаттанарлық деңгейі 80 пайызға жетіп отыр. Бұл – облыс және аудандар арасында белгіленген нақты индикаторлар нәтижесінде қол жеткізілген көрсеткіш. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша (3,5 миллиард теңге) 10 жоба іске асырылуда. «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автомобиль жолының құрылысы былтыр басталған (266 шақырым, 101,9 миллиард теңге: «Эксимбанк» ҚХР – 85 пайыз, ДБ – 15 пайыз). Өткен жылы ауданда жергілікті мәндегі жолдарға түгендеу жүргізілген болатын. Соның нәтижесінде 724 шақырым жол заңға сәйкес қалпына келтірілді (аталған санатқа көшелер және шаруашылық жолдары енгізілді). Қазіргі таңда Тараз қаласының көшелері мен елді мекендерінің жолдарына түгендеу жүргізілуде. Облыстағы 355 елді мекенге қатынайтын қоғамдық көліктерге толық GPS қондырғысы орнатылды (670 автобус). Сонымен қатар Тараз қаласында мобильдік қосымша іске қосылды. Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі саласының маңыздылығы ескеріліп, арнайы басқарма да құрылған.
Тарифтерді төмендету үшін тиісті шаралар қабылданған
Жамбыл жері «Жасыл экономиканы» дамыту жағынан республика бойынша көш бастап тұрғаны баршаға мәлім. Энергетикасы саласында былтыр өңіріміз өндірілген баламалы энергия қуатын жоспардағы 14 пайыздан асырып, 16-ға жеткізген. Жалпы саладағы жүйелі жұмыс бірқатар түйткілдің түйінін тарқатуға ықпал еткен. Мәселен, былтыр электр жүйесімен толық қамтамасыз етілмей тұрған Тараздағы 12 және 15-мөлтек аудандардың мәселесі толық шешілді. Сондай-ақ жылу бойынша тозығы жеткен магистральды желілерді ауыстыру шаралары қолға алынған. Облыс орталығындағы жаңадан ауыстырылған желінің ұзындығы 3 шақырымнан асады. Биыл 9,3 шақырымын жаңалауға 7,6 миллиард теңге қарастырылып отыр екен. – Облыстағы 377 елді мекеннің 48 пайызы газдандырылған (181). Көрсеткішті көтеру үшін өткен жылы құны 43 миллиард теңге құрайтын 84 елді мекенді газдандырудың жобалық-сметалық құжаты әзірленді. Биыл 81 ауылға магистральды газ құбырын тарту үшін 6,1 миллиард теңге бөлінді. Нақтылау кезінде қалып отырған 3 елді мекен де енгізілетін болады. Жалпы бұл жұмыс 3 жылға жоспарланған. Көздеген межеге қол жеткізсек, елді мекендерді газдандыру 48-ден 70 пайызға жететін болады. Тұрғындар санына шақсақ, былтыр бұл көрсеткішті 67-ден 72 пайызға жеткіздік. Жасыратыны жоқ, газы бар елді мекендерде көшедегі магистральдан үйге кіргізу құны қымбат болатын. Сол себепті көпшілік «көгілдір отынның» игілігін көре алмай келген. Былтыр біз бұл мәселенің шешімін тауып, 52 мың адамға газ қосып бердік. Ол үшін жұмыстың құнын 2-3 есе төмендеттік. Мұндай түйткіл ауызсумен қамтамасыз ету ісінде де бар екен. Осыған байланысты әр елді мекенге жеке талдау жүргізіліп, 149 мың адамның ауласына су құбырын тарта алмай отырғаны анықталды. Жұмыс күзде басталғандықтан, жыл соңына дейін 7 мың адам ғана қамтылды. Себебі талдау жұмыстары ұзақ уақытты алды. Оның үстіне кейбір азаматтар тарифтің жоғары болуынан, орталық жүйеден бас тартты. Осыны ескеріп, біз 83 елді мекеннің тарифын төмендетуге құжаттар дайындап, Су комитетіне тапсырдық, – дей келе облыс әкімі қалған 142 мың адамның 50 мыңына орталық су құбырына қосу жұмыстары жоспар бойынша биыл жүргізілетінін айтты. Тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету бағытында өңірімізде суды сағатпен беретін елді мекендерде су беру мерзімін ұзарту үшін нақты кестесі жасалған. Сондай-ақ су тарифтерін тиімді ету үшін облыста «Тараз су» коммуналдық мекемесінің негізінде Бірыңғай оператор құру туралы шешім қабылданыпты. Бұл шешім халықаралық қаржы ұйымдарынан инвестиция тартуға да мүмкіндік беріп отырған көрінеді. Өңір басшысы су құбыры жоқ 13 елді мекенді таза сумен қамтуға биыл 4 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгенін жеткізді (РБ- 3,8 млрд.тг., ЖБ-0,596 млрд.тг.). Бұл қаржы 29 мыңнан астам адам қамтуға мүмкіндік бермек. Нәтижесінде барлығы 80 мыңдай адам таза ауызсуды тұтынатын болады. Жалпы былтыр ауызсу бойынша 10 нысан пайдалануға беріліп, су жүйесімен қамтылған елді мекендердің үлесі 53,3 пайызды құрап, 199 елді мекенге жеткен болатын. Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында былтыр жыл соңында тарифтерді төмендету бойынша тиісті шаралар қабылданғаны белгілі. Нәтижесінде 1 қаңтардан бастап тұрғындар үшін газдың бағасы 6,3 пайызға (1 м3 үшін 27,2 теңгеден 25,5 теңгеге), электр қуаты - 7,2 пайызға (14,9 теңгеден 13,8 теңгеге), ауызсу - 22,9%-ға (58,5 теңгеден 45,1 теңгеге), кәріз қызметі - 0,4 пайызға (18,7 теңгеден 18,31 теңгеге) азайып отыр. Ал тұрғын үй кооперативтері қызметінің тарифі 6,6 пайызға (15 теңгеден 14 теңгеге), тұрмыстық қалдықтарды шығару 5 пайызға (100 теңгеден 94 теңгеге), лифт қызметінің тарифі 7,1 пайызға (1 пәтер үшін 770 теңгеден 715 теңгеге) төмендеді.
Өмір салтының өзгеруі – негізгі үш саланың дамуына тәуелді
Елбасы атап өткендей, әл-ауқатымыздың екінші бір сипаты – өмір сүру деңгейінің артуы екені сөзсіз. Ал оны өзгертетін – білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет салалары, сондай-ақ тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері. Міне сондықтан әр уақытта білім саласын дамытуға басым көңіл бөліне бермек. Облыста білім саласында былтыр 66 мектепке дейінгі ұйым ашылып, пайдалануға берілген. Оның басым көпшілігі – жекеменшікке тиесілі. Бұл көрсеткіш өз кезегінде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды қамту деңгейін 98 пайызға жеткізіп отыр. Биылғы меже – 100 пайыз. – Өткен оқу жылында ҰБТ-ның қорытындысы 89,4 балл болды. 2017 жылдан 11,5 балға жоғары. Ұлттық тест енгізілген 2004 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш – осы. Облыс оқушылары республикалық олимпиада мен ғылыми жарыстарда 7 жыл қатарынан «Ең үздік команда» атанды. Бұл да үлкен жетістік. Өткен жылы үш ауысымды – 3, апатты – 3 және оқушы орны тапшы – 3, жалпы 9 мектептің мәселесі шешілді. Биыл қалған 1 үш ауысымды, 1 апатты жағдайдағы және оқушы орны тапшылығы бар 3 мектептің мәселесі шешілетін болады. Жалпы әлеуметтік нысандар құрылысының 3 жылға арналған Жол картасына 48 білім беру нысанының құрылысы енгізіліп отыр. Қазір олардың жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Білім мекемелерінің материалдық жабдықталуына келсек, бүгінде барлық мектеп интернетке қосылған. Өткен жылы аудандар мен Тараз қаласында 14 IT сынып, Тараз қаласында дарынды балаларға арналған IT лицей-интернаты ашылды. «Күнделік» жобасына қосылған мектептердің үлесі 34-тен 100 пайызға жетті және барлық мектеп цифрлық білім беру ресурстары порталына қосылды. Балабақшаға балаларды кезекке қою және жолдама алу (edugarden.kz), мектепке 1-сыныпқа қабылдау (eduschool.kz.) педагогтерді жұмысқа қабылдау (jumys.sitsen.kz), техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі 100 пайыз автоматтандырылды. Биыл білім нысандары бейнебақылау құралдарымен толық қамтамасыз етіледі. Өткен жылы бұл көрсеткішті 97 пайызға жеткіздік, – деген өңір басшысы бақылау орнатудың арқасында оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың 18 пайызға төмендегенін айтты. Әйтсе де кейбір мектептер «тентектерін» әлі де тыя алмай отыр. Сондықтан өткен жылы мектеп инспекторларының жұмыс ережесін ескеріп, сол мектептерге бекітілген инспекторлардың және мектеп басшылығының жауапкершілігі қайта қаралған болатын. Сондай-ақ білім мекемелерін инспекторлармен қамту деңгейі 100 пайызға жеткізілді. Жұмысты жүйелі жүргізу үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырыс берудің арнайы ережесі қабылданған. Ондағы мақсат – бюджетті тиімді пайдалану әрі мамандарды жұмысқа орналастыру. Жастардың кәсіптік білім алуына тиісті жағдай жасап, 2018-2019 оқу жылына гранттар 5 мыңға жеткізілген. Ал жұмысшы мамандықтардың гранты 49 пайыздан 66 пайызға артып, экономикалық, заңгер мамандықтары қысқартылыпты. Сондай-ақ былтыр Жамбыл политехникалық және Құлан ауыл шаруашылығы колледждерінің базасында заманауи оқу орындарын құру бойынша қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілген. Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы аясында студенттерді жатақханамен қамту мәселесі де назардан тыс қалмай, былтыр 5 жатақхана құрылысы басталған. Тұрғындардың тұрмыс сапасын көтеруге әсер ететін саланың бірі – медицина. Дәрігер көмегіне жүгінудің әрі бастапқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудың арқасында былтыр денсаулық сақтау саласында өлім-жітім көрсеткіштері республикалық орташа деңгейден төмендеген. Оның ішінде нәресте, ана өлімі де азайып отыр. Жыл өткен сайын ақпараттық технологиялар экономиканың барлық саласына дендеп ене бастағаны мәлім. Мәселен, былтыр барлық медицина ұйымдары 100 пайыз компьютермен жабдықталып, интернетке қосылған. Сондай-ақ медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге барлық емдеу мекемесі көшкен. Ақпараттық жүйелерге 774 мың адамның электрондық денсаулық паспорты енгізілген. Биыл бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу көзделуде. Тұрғындар денсаулығын сақтау үшін елді мекендерді медициналық ұйымдармен қамту маңызды. Ал біздің өңірімізде арнайы пункттері жоқ ауылдар көп болатын. Республикалық бюджетке иек артып отыра берсе, ауылдағы жұрт әлі де біраз жыл бастапқы медициналық көмекке жүгіну үшін де аудан орталықтары мен қалаға сабылар еді. Бұл мәселенің кезек күттірмес жағдай екенін бағамдаған облыс әкімі былтыр тиісті сала басшыларына осы түйткілді тарқатудың басқа жолын табуды тапсырған еді. Нәтижесінде өткен жылы 39 медициналық нысан салынып, пайдалануға берілді. Оның 29-ы – жекеменшікпен әріптестік аясында бой көтергенін ескерсек, проблеманы шешудің төте жолы осы болғанын түсінесіз. Бұл жүйе алдағы 1,5 жылда қалған 60 елді мекенді алғашқы медициналық көмек көрсететін нысандармен толық қамтуға мүмкіндік берері сөзсіз. Бұдан бөлек, былтыр медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру әрі жедел медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін санитарлық авиация мен облыстық жедел жәрдем стансасы құрылды. 27 арнайы автокөлік сатып алынды. Ал қызмет сапасын көтеру үшін биылдан бастап барлық емдеу ұйымдарының жұмысын бағалайтын арнайы жүйе енгізілмек. Спорт саласында да спорт нысандарына қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша аудан әкімдері мен тиісті сала басшысы арасында нақты индикаторлар белгіленген болатын. Соған қарай облыста спорт нысандарын салу Картасы әзірленді. Нормативті ескере келе, 3 жылға 81 спорт нысанын соғу жоспарланды. Оның 28-і – спорт кешені (Тараз қаласында 4, аудандарда 24), 51-і – спорт алаңшасы (Тараз қаласында 22, аудандарда 29), 2-еуі – спорттық манеж (Тараз қаласында жеңіл атлетикалық және гимнастикалық манеждер) және 3-еуі қайта жаңғыртылатын нысан (Тараз қаласындағы «Жастар стадионы», Жуалы ауданындағы 2 спорт зал). Сондай-ақ спорт мекемелері жалға алып отырған нысандардың құны қайта қаралып, 92 миллион теңгеге жыл сайын үнемделмекші.
Жастар – қоғамның қозғаушы күші
Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Елімізде жүргізіліп жатқан барлық реформалар мен рухани жаңғыру бағдарламаларының нәтижелі болуы – өскелең ұрпақтың алымдылығына тәуелді. Олар мемлекеттегі жүзеге асырылып жатқан шараларға немқұрайлы қарамай, әр істің басы-қасында болу үшін белсенділік танытуы тиіс. Жалпы жастар белсенділігін арттыру үшін өңірде көптеген бастамалар көтерілуде. – Былтыр жастар саясатында 16,6 мың жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. «Zhas Projeсt» жобасы аясында 206 жоба іске асырылуда. Жоба аясында 762 жас жұмыспен қамтылса, оның 33-і – мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Жұмыссыз немесе нәтижесіз жұмыспен қамтыған, оқымайтын NEET санатындағы жастардың базасы жасақталды (11 мыңнан астам). Биыл Жастар жылындағы бірден-бір атқарылатын жұмыс – жастардың арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешу болмақ. Келесі бір маңызды мәселе – еріктілер (волонтерлық) қозғалысына тың серпін беріп, әлеуметтік мәселелерді шешуге пайдалану. Бұл қозғалысты, облыста жүйе ретінде қалыптастыру үшін, өткен жылдың аяғында «Қамқор» жобасы қолға алынды. Оған 1 мыңға жуық еріктілер тартылды. Тараз қаласында 3 арнайы әлеуметтік заттар жинайтын орын ашылды. Бүгіннің өзінде 574 тұрмысы төмен отбасыға 3,2 миллион теңгеге азық-түлік, киімдер таратылды. Ендігі жерде бұл жұмыстың ауқымы кеңейтіліп, аудандар да қамтылғалы отыр, – дей келе облыс әкімі мәдениет саласындағы қолға алынған шараларға тоқталды. Былтыр «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстың 8 нысаны «Қазақстанның 100 сакралды нысаны» тізіміне енгізілді. Сонымен қатар ауылдық 71 кітапхана мобильді стандартқа көшіріліп, цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылды (1 бродкастинг залы, 17 коворкинг, 53 цифрландырылған ақпараттық орталықтар). Мұнда ауыл тұрғындарына egov.kz порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетілуде (Балабақшаға кезекке тұру, некеге тұру туралы өтініш, мекен-жайы, сотталмағандығы туралы, жылжымайтын мүлкі туралы, салымның қаражат түсу қозғалысы туралы, зейнетақы қоры туралы, т.б. басқа анықтамалар). Биыл Мәдениет үйі мен клубтарда тағы 70-тен астам осындай орталықтар ашылады деп күтіліп отыр. Жалпы өткен жылы 3 музей қолданысқа берілді. Олар – Қордай ауданы, Әлжан ана ауылдық тарихи музейі, Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейі және Тараз қаласының Қ.Рысқұлбеков саябағындағы «Желтоқсан-86» орталығы. Сондай-ақ «Электрондық архив» жүйесі орнатылды. Ал «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 28 бастаманы және 10 жобаны қамтитын 4 негізгі бағыт бойынша жұмыстар атқарылуда. Қай саланы алсақ та былтыр бюджеттік кірістер артығымен орындалған. Бюджет 100 пайыз игерілген. Себебі бюджеттің тиімділігін арттыру үшін арнайы Регламент қабылданған болатын. Бұл қадам құрылыс нысандарының құнын оңтайландыруға мүмкіндік берді. «Мәселен, бұрын медициналық-фельдшерлік пунктердің, дәрігерлік амбулаториялардың құны 65-90 миллион теңге болса, оңтайландырудың нәтижесінде 30-45 миллион теңгеге дейін азайып отыр. Спорт, мәдениет нысандарының құны да 2 есе үнемделуде. Жалпы өткен жылы осылайша 10 миллиард теңге үнемделді», – деп атап көрсетті Асқар Исабекұлы. Былтыр өңірімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 4,2 миллиард теңгеге 133 жоба іске асырылған. Оның 3,4 миллиард теңгесі меценаттар есебінен жұмсалған. Облыс әкімінің сөзіне сүйенсек, «Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» шеңберінде бірқатар жобалар биыл да жоспарланып отыр. «Шахристан» этномәдени кешеннің, «Өлкетану» мұражайының, Көркемсурет галереясының, «Қолөнер шеберлері», Руханият орталықтарының құрылысы басталмақшы. Сондай-ақ Жастар жылына орай «Жастар аллеясы» ашылады деп күтілуде. Өңірден шыққан рухани дүниелерді, тарихты қамтитын көптомдық басылым қолға алынды. Сонымен қатар облыс орталығын көркейту жұмыстары биыл да жалғастырылмақ. Өткен жылы жүйелі жұмыс жемісін берген салалардың бірі – құқық қорғау органдары. Былтыр тіркелген қылмыстар саны 22 пайызға төмендеуі – соның айғағы. Полиция қызметкерлеріне 900 миллион теңге материалдық-техникалық жабдықтауға жұмсалды, 71 автокөлік сатып алынды. Былтыр қылмыстың ашылу деңгейін көтеру үшін елді мекендерде барып-келіп жұмыс істейтін 137 учаскелік полиция инспекторынан сол жаққа көшіп бару туралы талап қойылды. Нәтижесінде 104-і бекітілген ауылдарға көшіп барды. Қалғандары жақын арада көшпекші.Сол секілді, кезінде қоныс аудармаған 59 (38%) ауылдық округ әкімінің 2-еуінен басқалары көшті (Жуалы –1, Қордай – 1). Олар қазір өзі басқаратын округте тұрып жатыр.
Әлеуметтік қолдау – әлеуметті қорғау
Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттерге сәйкес, 1 қаңтардан бастап, 42 мың теңгеден төмен жалақы алатын бюджеттік ұйымдардағы 39 626 қызметкердің және жеке кәсіпорындардағы 21 мың жұмыскердің жалақысы көтеріліп отыр. Сонымен қатар 1892 кәсіпорында 46 693 адамның жалақысы орта есеппен 20 пайызға өсті. – Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы есепті жылдың 3-тоқсанында 62220 теңгені құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,4-тен нақты 4,6 пайызға өсті. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 40 мың адам қамтылып, 21500 тұрақты жұмыс орны ашылды. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалтуға облыстық бюджеттен 919 миллион теңге қаржы бөлінді. 2017 жылмен салыстырғанда 64 пайызға артқан. (2017 жылы – 589,1 миллион теңге). Қазір қоғамда көтеріліп отырған көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмек бойынша мынадай шаралар қолға алынуда. Өңірде 44100 көп балалы және 14852 аз қамтамасыз етілген отбасы бар. 2019 жылы бекітілген бюджетте тек осы санаттағыларға 30,6 миллиард теңге қарастырылған. Оның 19,7 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен бөлінген. Негізгілерін атап айтсақ, 1 жасқа дейінгі 24 985 баланың күтіміне 7,3 миллиард теңге жәрдемақыға, 4 және одан көп балалы 24 068 отбасына – 3 миллиард теңге, «Алтын алқа» және «Күміс алқалы» 20 032 анаға – 3,9 миллиард теңге, бала тууына байланысты 26 923 балаға бір жолғы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға - 2,8 миллиард теңге, 14 852 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға – 2,7 миллиард теңге бөлініп отыр. Жергілікті бюджеттен қарастырылып отырған 8,4 миллиард теңгенің 1,5 миллиард теңгесі мектептегі 26 049 оқушының ыстық тамағына, 285 миллион теңгесі 21 406 баланың киіміне, 314 миллион теңгесі 22991 жеткіншекті жазғы сауықтыру лагерінде демалтуға, 2,1 миллиард теңгесі колледждердегі 6281 жасөспірімді мемлекет есебінен тегін оқытуға, 1,8 миллиард теңгесі олардың стипендиясы және тамақтануына жұмсалмақ. Осы орайда 6281 бала бұл мемлекеттік тапсырыс есебінен оқытылып жатқан жасөспірімдердің 50 пайызын құрайтынын айта кеткен жөн, – дей келе Асқар Исабекұлы көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына арналған мектеп-интернаттағы жеткіншектерді қолдау шаралары жалғасатынын жеткізді. Сондай-ақ көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға көрсетілетін көмекті ұлғайту үшін бекітілген бюджетті қайта қарап, қосымша 2,5 миллиард теңге бөлініп отырғанын атап өтті. Бұл қаржы бірінші кезекте мектептегі балалардың ыстық тамағына, киім-кешекке және кеңсе тауарларын сатып алуға, аз қамтамасыз етілген отбасылардың коммуналдық төлемдерін жеңілдетуге жұмсалмақ. Бұған қоса, денсаулық сақтау саласында «Ана мен бала орталығына» көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 350 ана мен баланы тегін сауықтыру мен емдеу жоспарланып отыр. Көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың 70 пайызы ауылда тұратынын ескеріп, мүмкіншілігі бар тауар өндірушілерден, шаруашылықтардан, жоғарыда айтылған, өткен жылдың аяғында құрылған отбасылық «Қамқор» жобасы арқылы мал әперу де көзделуде. Ең бастысы – Жаңатас, Қаратау, Шу қалаларында тұрғын үй кезегінде тұрған 340 отбасыны тұрғын үй кезегі жеткенге дейін отбасылық 3 жатақханамен қамту жолы қарастырылуда. Ал Таразда 7 жатақхана пайдалануға берілмекші. Оның 3-еуі биыл шешіледі. – Көтеріліп отырған сұрақтар Үкімет тарапынан да жан-жақты қаралуда. Атқарылатын жұмыстардың бәрі республика деңгейінде «Бақытты отбасы» жобасымен үндестіріліп, соның аясында жүргізілетін болады, – деген облыс әкімі Елбасы Жолдауында, басқа да маңызды құжаттарында қойған міндеттерді, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жолында жамбылдықтармен бірлесе жұмыс атқаратынына сенім білдірді. Асқар Исабекұлы баяндамасын аяқтаған соң, өңір тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Тұрғындар сұрағы басты назарда
Өңір басшысы Асқар Мырзахметов өзінің есепті баяндамасында атап өткендей, облыста өткен жылы ауқымды жұмыстар атқарылған. Десек те, шешімін күткен мәселелер де жоқ емес екен. Мәселен, ауылдық округтер мен аудан әкімдерінің тұрғындар алдында есеп беруі барысында 1500-ге жуық мәселе көтеріліпті. Үш мыңдай адам қатысқан облыс әкімінің халыққа есеп беруі кездесуінде де тұрғындардың көкейлеріндегі сұрақтарын қоюларына мүмкіндіктері болды. Алғашқы болып сөз алған Т.Рысқұлов ауданының жеке кәсіпкері Қуандық Ерсайын мал жайылымының тапшылығы мәселесін көтерді. Осыған байланысты Асқар Исабекұлы бүгінгі таңда облыс көлеміндегі мал жайылымдарына талдау жасалып, 500-ге жуық жайылым иелерінің анықталып отырғанын айтты. Қазір олардың меншігінде 700 гектар жер бар екен. Бұл мәселеге байланысты бүгінде арнайы комиссия жұмыс істеуде. Өңір басшысы қажет болған жағдайда жайылымдық жерлер мемлекеттік мұқтаждық ретінде кері қайтарып алуға да жататындығын жеткізді. Ал шулық кәсіпкер Қазақбай Байжұманов өздеріндегі бұрынғы қант зауытының алаңында қабылдау пунктін ашу, сондай- ақ Төле би ауылынан спорт кешенін салу жөніндегі талап- тілектерімен қайырылды. Шу ауданы Меркі қант зауытынан қашықта орналасқандықтан да шаруаларға тасымал мәселесінің қиындық туғызып отырғандығынан хабардар аймақ басшысы, қазір бұл мәселені шешу жолдары қарастырылып жатқандығын айтты. «Баяндамамда айтқандай, бүгін біз 200 миллиард теңгені құрайтын 170 ірі инвестициялық жобаны іріктеп алдық. Соның ішінде Шу ауданында қант зауытын салу да жоспарда бар. Ал спорт кешеніне қатысты айтатын болсақ, бізде әлеуметтік нысандар салу үшін үш жылдық жоспар жасалып, 81 нысан анықталды. Соның ішінде алдымен аудан орталығында спорт кешендерін салу да жоспарланған. Мұны біз алдағы уақытта қарайтын боламыз», – деді А.Мырзахметов. Тараз қаласындағы Аққошқар әулие көшесінің тұрғыны 20 жылдан бері көше жолының жөнделмей келе жатқанына назар аудартса, Жамбыл ауданы Түрксіб ауылының тұрғыны өздеріндегі 900 бала екі ауысымда оқитын мектептің қасынан жаңа мектеп ғимараты салынуына көмек көрсетілуін өтінді. Өңір басшысы облысымыздың 80 жылдық мерейтойы аясында 33 көшені жөндеу, жарықтандыру қолға алынып отырғанын айта келіп, қала сыртындағы көшелердің де назардан тыс қалмайтындығына сендірді. Ал бұған дейін қабылданған 200-ге жуық жобалық-сметалық құжаттарды қайта қарап, бағасы жоғарылатылып көрсетілген жобалар есебінен 10 миллиард теңге үнемделуіне қол жеткізілгенін айтқан А.Исабекұлы, былтыр басталуы керек мектептердің құрылыстары биыл қолға алынатындығын еске салып өтті. Талас ауданының Құрметті азаматы Тұрғынбай Тәжібекұлы облыс әкімінің тезистерімен газеттен оқып, теледидардан көріп танысқанын, бүгін есеп беру кездесуіне арнайы келіп қатысып отырғанын айта келе, өңір басшысының есебіне жақсы деген баға беріп, Ақкөл ауылы мен Қаратау қаласы аралығындағы автомобиль жолы жөнделуіне көңіл бөлінуін сұрады. Бұл жол бойынша дайындалған жобалық-сметалық құжаттар мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқаны белгілі болды. Меркі ауданындағы «Ниет» шаруа қожалығының жетекшісі Ақан Алтынбаев қант қызылшасын өсірушілер үшін ағын судың әлі де тапшы екенін айтып, «жаңа су қоймаларын салу жоспарларыңызда бар ма?» деген сауалын қойды. Жоспарға сәйкес аталған ауданда 2 су тоғанын салу белгіленген екен. Оларда барлығы 2-3 миллион текше метр көлемінде су жинау көзделген. Тараз қаласының тұрғыны Нұрабек Ергеш «Родничок» тұрғын алқабына қоғамдық көлік қатынасының жүйеленуі, ал Байзақ ауданының «Жетітөбе» ауылдық өндірістік кооперативінің төрайымы Гүлқал Нұржігітова техника алатын шаруашылықтарға субсидиялаудың пайыздық мөлшерлемесі арттырылуына жағдай жасалынуы жөніндегі сұрақтармен қайырылды. Алдыңғы мәселе бойынша жолаушылар тасымалы жұмысын алдағы уақытта облыста арнайы құрылған басқарманың ретке келтіретіндігі айтылды. Ал екінші мәселе бойынша шаруалардың техника алуы үшін республикалық 25 пайыз субсидияға облыс тарапынан 10 пайыз қосып, оның көлемі 35 пайызға арттырылыпты. Бұл диқандардың қажетті техникалар алуы үшін үлкен жеңілдік болмақ. Тараз қаласындағы «Шалғай Қарасу» алқабының тұрғыны Шахан Бахрадинұлы өздеріне ауызсу жүйесі тартылса, №10 ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Асан Үсенбайұлы өздері тұратын аумақтағы жол жөнделсе, Аса ауылының тұрғыны Батырбек Саршаев спорт кешені салынса, басқа да тұрғындар тарапынан №40 автобус бағытымен саяжай алқаптары да қамтылса, ескірген тұрғын үйлерге күрделі жөндеулер жүргізілсе, көшеге жарық орнатылса деген сипаттағы сұрақтар қойылды. Қала тұрғыны Тәкен Молдақынов тарихи-мәдени нысандар ерекше қамқорлыққа алынса деген өтінішпен қайырылып, осыған байланысты Тараз тарихына қатысты нендей шаралар қолға алынғалы отырғанына қызығушылық танытты. Өңір басшысының айтуынша, бұл тұрғыдағы жоспарланған іс-шаралар айрықша ауқымды болып шықты. Мемлекет басшысының «Тараз – тарихымыздың темірқазығы» деп атап өткеніндей, Асқар Мы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді