Кеше облыс әкімі Асқар Мырзахметов облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп, өткен жылы өңірде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Басқосуды облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдәзімов ашып, жүргізіп отырды. Ол өз кезегінде қоғамдық кеңестердің атқарар міндеттері мен мақсаттарына, ел дамуы жолындағы үлесіне тоқталды. Асқар Исабекұлы, сондай-ақ 2018 жылы атқарылған жұмыстарды қысқаша баяндады. Атап айтар болсақ, облыс экономикасының барлық салалары оң сипатқа ие болған. Басты көрсеткіш – экономиканың өсуі бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,6 пайызды құраған. Өндіріс көлемі, өңдеу өнеркәсібі, негізгі капиталға салынған инвестиция артығымен орындалып, 40,3 миллиард теңгеге 15 инвестициялық жоба іске асқан. Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлердің саны 63 мыңнан асып, 8 пайызға өскен. Олардың өндірген өнімінің көлемі 321 миллиард теңгеге артып, 5,6 пайызды құраған. Ал ауыл шаруашылығы өнімінің өсуі бойынша облыс республика көлемінде алғашқы үштіктен көрінді. Аймақтағы басқа да бағыттар бойынша қол жеткен табыстар аз емес. Мәдениет, денсаулық, білім, спорт, әлеумет салаларында тындырылған тірліктер толайым. Жиында облыс әкімінің есепті баяндамасына қаныққан кеңес мүшелері өз ойларымен бөлісті. Алғашқы болып сөз алған Жандар Кәрібайұлы былтыр атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, көкейдегі ұсынысын білдірді. Атап айтқанда, дарынды, талантты жастардың инновациялық жобаларын қолдау, оларға арнайы грант бөлу жолдарын қарастыру керектігі сөз болды. Жиында жастар тәрбиесі, «Тараз» футбол клубының ойынына жергілікті жанкүйерлерді көптеп тарту, аудандағы қоғамдық кеңестердің жұмысын жандандыру секілді бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Өз кезегінде барлық көтерілген ұсыныстар мен ой-пікірлерді қолдайтынын білдіріп, ол бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілетінін баса айтқан Асқар Мырзахметов өңірдегі өркенді істердің барлығында облыстық Қоғамдық кеңестің де үлесі бар екенін жеткізді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді