«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 2018 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТ ТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖАМБЫЛ  ОБЛЫСЫНЫҢ  2018  ЖЫЛҒЫ  ӘЛЕУМЕТ ТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ДАМУЫНЫҢ  НЕГІЗГІ  КӨРСЕТКІШТЕРІ
ашық дереккөз
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 2018 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТ ТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

2018 жылы облыстың жергілікті атқарушы органдарының жұмысы Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» ат ты Жолдауларындағы және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» ат ты халыққа үндеуінде көрсетілген міндет тер мен басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталды.

ӨНЕРКӘСІП

2018 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 396,2 млрд. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі 102,6%-ды құрады (ҚР – 104,1%).

 width=

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемдерінің 6,1%-ға (46 424,5 млн. теңге), өңдеу өнеркәсібінде – 3,2%-ға (280 876,1 млн. теңге), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда – 6,4%-ға (3 725,9 млн. теңге) өсуі байқалады.

 width=

Кен өндіру саласында табиғи газ өндірісі 1,5%-ға, ұсақталған фосфат шикізаты 7,3%-ға, әктас және гипс өндіру 3,9%-ға, түсті металл кендерін өндіру 21,0%-ға артқан. Өңдеу өнеркәсібі саласында химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемдері 23,3%-ға, машина жасау 10,3%-ға, металлургия 17,7%-ға, жеңіл өнеркәсіп 59,8%-ға өскен. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда кәріз жүйесі қызметінің көлемі 6,4%-ға өскен.

ИНВЕСТИЦИЯ

2018 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 255,0 млрд. теңгені немесе 2017 жылмен салыстырғанда 108,4%-ды құрады.

 width= Инвестициялардың жалпы көлеміндегі бюджеттік салымдарының үлесі 22,2%, өзіндік қаражаттар – 71,1%, банктерден несиелер және басқа да қарызға алынған қаражаттар – 6,7%-ды құрады.

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ

2018 жылы жалпы сомасы 10,0 млрд. теңгеге 6 инвестициялық жоба іске асырылып, онда 481 жұмыс орындары ашылды. 1.«Казфосфат» «Минералды тыңайтқыштар» ЖШС ТФ – «Маркісі 10:46 аммофос өндірісінің көлемін ұлғайту 2-ші кезең». Жобаның құны 7000 млн. теңге. Жобалық қуаттылығы – жылына 500 мың тонна. Жоба бойынша жұмыс орындары бар штаттан құрылатын болады. 2018 жылдың 26 желтоқсанында іске қосылды. 2.«Ер Тай» ЖШС – «Өндірілетін қорғасын-мырыш кенін қайта өңдей отырып флотациялық-гравитациялық Ақсүйек байыту фабрикасын жаңғырту және қайта құру». Жобаның құны - 1200 млн. теңге. Жобалық қуаттылығы – жылына 15,5 мың тонна қорғасын-мырыш концентраты. Жоба бойынша 300 жаңа жұмыс орындары ашылды. 2018 жылдың 10 қыркүйегінде іске қосылды. 3.«Джанабекова С.С.» ЖК - «Кондитерлік фабриканың құрылысы» 2-кезеңі». Жобаның құны - 850 млн.теңге. Жобалық қуаттылығы – жылына 4500 тонна. Жоба бойынша 70 жаңа жұмыс орындары ашылды. 2018 жылдың 21 қыркүйегінде іске қосылды. 4. «Әулие -Ата Феникс» ЖШС – «Құс шаруашылығындағы қалдықтарды ет сүйек ұнына қайта өңдеу бойынша жаңа автоматтандырылған технологиялық желіні енгізу». Жобаның құны - 126,2 млн. теңге. Жобалық қуаттылығы - 800 тонна. Жоба бойынша 5 жұмыс орындары ашылды. 2018 жылдың 22 тамызында іске қосылды. 5. «Са-Ба ЛТД» ЖШС – «Меркі шағын мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту». Жобаның құны - 662 млн.теңге. Жобалық қуаттылығы 39102 тонна. Жоба бойынша 70 жұмыс орындары ашылды. 2018 жылдың 17 қыркүйегінде іске қосылды. 6. «Шакпак Дорсервис» ЖШС – «Битум зауытын қайта жаңғырту». Жобаның құны – 150 млн.теңге. Жобалық қуаттылығы – 17550 тонна. Жоба бойынша 36 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. 2018 жылдың 10 желтоқсанында іске қосылды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау Картасына енгізіліп, іске қосылған инвестициялық жобалармен өндірілген өнім көлемі 22,7 млрд. теңгені құрады.

САУДА

Сыртқы сауда айналымы 2018 жылдың қаңтар-қарашасында 357,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңінен 61,1%-ға төмендеген, оның ішінде экспорт – 172,7 млн. АҚШ доллары (72,9%-ға), импорт – 185,1 млн. АҚШ доллары (34,3%-ға). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 12,4 млн. АҚШ доллары.

Сыртқы сауда айналымы 357,8 млн. АҚШ доллары

 width= 2018 жылдың қаңтар-қарашасында облыстың ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 229,3 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2017 жылдың тиісті кезеңінен 11,2%-ға артық (Ресей – 182,8 млн. АҚШ долл., Беларусь – 11,3 млн. АҚШ долл., Қырғызстан – 34,4 млн. АҚШ долл.), оның ішінде экспорт – 97,7 млн. АҚШ долларын (1,9 есе), алайда импорт 14,6%-ға төмендеп, 131,6 млн. АҚШ долларын құрады. 2018 жылы бөлшек сауда айналымының көлемі 279,3 млрд. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 5,9%-ға артты, көтерме сауда айналымы – 205,8 млрд. теңгені құрап, 10,1%-ға ұлғайды.

 width= АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Облыстың агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 2018 жылы жалпы 20,1 млрд. теңге бөлініп, толық игерілді. 2017 жылмен салыстырғанда бұл салаға 4,4 млрд. теңгеге артық қаржы бөлінді (Республикалық бюджеттен – 2,2 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 2,2 млрд. теңге қарастырылған). Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2018 жылы облыс бойынша 264,8 млрд. теңгені құрады немесе 2017 жылдың деңгейінен 6,1%-ға артты (ҚР 3-ші орын). Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдерінің көлемі 143,8 млрд. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 7,6%-ға өсті (ҚР 3-ші орын). Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 120,2 млрд.теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға өсті (ҚР - 4-ші орын).

 width= 2018 жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары егілген алқаптар 668,5 мың гектарды құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 38,3 мың гектарға артық, немесе 106,1%. 2018 жылы дәнді дақылдардың гектарына орташа түсімділігі 24,1 центнерді құрап, 2,1 ц/га артты, барлығы 671,1 мың тонна өнім жиналды, (2017 жылы 258,0 мың гектар, жалпы түсім 577 мың тн. 22 ц/га) көкөніс және бақша дақылдарынан – 1 172,5 мың тонна өнім алынды. Егістік алқаптарға сапалы элиталық тұқымды қолдануы 11,4%-ды құрады, бұл 2017 жылдан 4,4%-ға артық. Субсидиялаудың жаңа механизмін қолдану арқылы 2019 жылғы өніміне қолданылатын 1-ші репродукциядан төмен емес тұқым көлемін 37%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Үдемелі алма бақтардын алқаптары жылдан жылға артып келеді. 2018 жылы жалпы облыс бойынша 625 гектарды құрап, 200 гектарға артып отыр. Бұл бақтардан 6,5 мың тонна алма өнімі жиналды. Есепті кезеңде 28,0 мың гектар алқапқа ылғал үнемдеу технологиясы енгізіліп 2017 жылмен салыстырғанда 3,7%-ға артты (2017 ж. – 27,0 мың га), су үнемдеу технологиялары 18,2 мың гектарға енгізіліп, 21,3%-ға артып отыр (2017 ж. – 15,0 мың га). 2019 жылы бұл көрсеткішті 20,0 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Минералды тыңайтқыштар 135,2 мың гектарға енгізіліп, жалпы егіс көлемінің 20,8%-ын құрап отыр, немесе 3,5%-ға артқаны байқалады (2017 ж. -17,3%). Облыс бойынша 4,2 млрд. теңгеге жаңа техникалар сатып алынып, жаңару көрсеткіші 5,6%-ды құрады, немесе 1,3%-ға артты (2017 ж. - 4,3%). (ҚР - 4,5%). Бүгінгі күнге облыс бойынша жалпы аумағы 32 га алқапты құрайтын жылыжайлар орналастырылған, оның ішінде 2 га құрайтын 2 жылыжай 2018 жылы іске қосылған. 2018 жылы облыстағы барлық санаттағы шаруашылықтарда тірі салмақта 128 207,5 тонна ет өндіріліп, 2017 жылмен (121950,9 тонна) салыстырғанда 5,1%-ға артты (ҚР - 4,3%). 2018 жылы 312389,0 тонна сүт өндіріліп (2017 жылы – 303626,2 тонна), 2017 жылмен салыстырғанда 2,9%-ға өсті (ҚР - 3,3%). 131 099,2 мың дана жұмыртқа өндіріліп, 2017 жылмен салыстырғанда (120 014,5 мың дана) 9,2%-ға артты. Шаруашылық субъектілерінде 5 656,2 тонна жүн өндірілді, бұл 2017 жылдан (5 434,9 тонна) 4,1%-ға артық. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасына сәйкес 2018 жылға белгіленген Жамбыл облысы бойынша 1,0 мың тонна сиыр еті жыл қорытындысымен – 101,4%-ға (1014,1 тн) (ҚР - 5-ші орын) және 1,5 мың тонна қой етін экспортқа шығару тапсырмасы – 110,6%-ға (1659,1 тн) орындалды. Бұл қой етін ет комбинаттарына өткізуді, бордақылау алаңдарының жұмысын оңтайландыру шараларының атқарылғанына байланысты мүмкін болды. 2017 жылмен салыстырғанда сиыр еті 8,9 есе, қой еті 5 есе артық экспортталды. Республика көлемінде 3800 тонна қой еті экспортталса, оның 43,6 пайызы Жамбыл облысына тиесілі. (ҚР - 1-ші орын) 2018 жылы мал шаруашығын қолдауға 5,9 млрд. теңге қаржы бөлініп, 4500-ден аса шаруа қожалықтары субсидияланды, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 12,3%-ға артық (4,8 млрд. теңге). Облыс бойынша 2018 жылы жалпы ет, сүт бағытында 99 ауыл шаруашылығы кооперативтері жұмыс істеп, 2,9 мың тонна ет және 7,8 мың тонна сүт өндірді. 2019 жылдың 1 қаңтарына облыстың жер қоры 14,4 млн. гектарды құрады. Оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер 4,5 млн. гектар. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ішінде егістік жерлер көлемі 781,8 мың гектар (184 мың гектары суармалы), көп жылдық екпелер - 3,9 мың гектар, шабындық жерлер - 123, 5 мың гектар, жайылымдық жерлер - 3,5 млн. гектар. 2018 жылдың қыркүйек айында «Талас-Аса» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны базасында механикалық отряд құрылды. Оның материалдық-техникалық базасын қалыптастыру мақсатында облыстық бюджеттен 2018 жылға бөлінген 401,5 млн. теңгеге барлығы 46 бірлік (11 мелиоративтік-құрылыс және 35 ауыл шаруашылығы техникалары) техникалар сатып алынды. Аталған су шаруашылығы кәсіпорны аудан алқаптарындағы су жүйелері мен каналдарды механикалық тазалау, су қоймалары мен гидротехникалық құрылыс нысандарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша аудан және ауылдық округ әкімдіктерінен, облыстағы агроқұрылымдар мен шаруа қожалық субъектілерінен тапсырыстар қабылдап, жұмыстар жүргізуде. 2018 жылы мехотряд арқылы Байзақ, Жамбыл, Мойынқұм аудандарындағы 10 су шаруашылығы нысандарына 3 су қоймалары және ұзындығы 26,8 шқ болатын 7 канал 14,2 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде 1404 гектар суармалы жерлер қалпына келтіріліп, ол алқаптарға басым бағыттағы ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін болады. «Талас-Аса» КМК кәсіпорнына 2019 жылы жалпы сомасы 234,1 млн. теңгеге ұзындығы 63,2 км 14 каналды тазалау, жөндеу және өзендердің жағалауларын нығайту жұмыстарын жүргізуге 6 ауданнан тапсырыстар түсті. Осы жұмыстар атқарылған жағдайда көлемі 8631 гектарды құрайтын суармалы алқап қалпына келтірілетін болады.

КӨЛІКСАЛАСЫ

2018 жылы облыс көліктерімен 987,4 млн. жолаушы тасымалданды, бұл көрсеткіш 2017 жылға қарағанда 3,1%-ға өсті. Осы кезеңде облыс көліктерімен 103,5 млн. тонна жүк тасымалданып, 2017 жылмен салыстырғанда оның көлемі 4,6%-ға көбейді.

 width= «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы тұрғындар саны 100 адамнан асатын 355 елді мекеннің 331-і немесе 93,2%-ы қоғамдық көлік қатынасымен қамтылып, облысқа белгіленген көрсеткіш толығымен орындалды. Көлік саласында GPS треккерлер құралдары бойынша жолаушылар тасымалын мониторингілеу жүйесімен 100% автобустар жабдықталған (670 автобус), бұл құрылған диспетчерлендіру орталығына қоғамдық көлікке жүктемені оңтайлы бөлуге мүмкіндік береді. Жүйені енгізу, жолаушылар маршрутын бақылау үшін веб-сайтын – taraz-bus.kz іске қосуға мүмкіндік берді, сондай-ақ мобильді қосымша іске қосылды. Қоғамдық көлікте автоинформаторларды орнату бойынша жұмыстар 42,5% құрайды (2018 жылға жоспарланған 200 автоинформатордың 85-і). Сондай-ақ қоғамдық көліктерде электронды билеттеуді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ

2018 жылы автомобиль жолдары саласына 12,1 млрд.теңге бөлінді. (о.і. РБ - 1,8 млрд.теңге, ЖБ - 10,3 млрд.теңге ) . Оның есебінен жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерінде жалпы 18 шақырым жаңа жол құрылысы (шағалды), 26,4 шақырым күрделі жөндеу және 499,4 шақырым орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 1 көпірдің құрылысы жүргізіліп, 2 жол өткелі қайта жаңғырту жұмыстарымен қамтылды. Оның ішінде: 145,4 шқ – облыстық маңызы бар автожолдар (26,4 шқ күрделі, 119 шқ орта жөндеулер); 211 шқ – аудандық маңызы бар автожолдар (орта жөндеулер); 187,4 шқ – елді мекен көшелері (18 шқ құрылыс, 169,4 шқ орта жөндеулер); Жол жөндеу бойынша 7 жоба Қазақстан Республикасы «Нұрлы жол» мемлекеттік инфраструктуралық даму бағдарламасы аясында іске асырылды. Сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, облыстық маңызы бар автожолдарды ағымды жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстары аясында 81 650 м2 - шұңқырларды жөндеу, 925 дана - жаңа жол белгілерін орнату, 510 дана - шақырым көрсеткіш бағаналарын орнату, 148 дана - белгі беру бағаналарын орнату; 570 га - жол бойы ағаш алқаптарына өртке қарсы минералданған жолақтарды жырту және 1241 шақырым жол жамылғысына өстік таңба салу жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде, жыл қорытындысымен межеленген жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың үлесі 80,1%-ға орындалды. Жол жөндеу жұмыстары

 width=

ҚҰРЫЛЫС

2018 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 125,6 млрд.теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 105,0%-ды құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі

 width= 2018 жылы 124 нысанның құрылысына 28,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді. Оның ішінде: - тұрғын үй құрылысына - 7,8 млрд. теңге; - инженерлік-инфрақұрылым құрылысына - 4,9 млрд. теңге; - білім саласына - 4,4 млрд. теңге; - денсаулық сақтау саласына - 803,5 млн. теңге; - спорт саласына - 1,6 млрд. теңге; - ауызсумен қамтамасыз ету саласына - 8,2 млрд. теңге; - басқа салалар бойынша - 562,5 млн. теңге. Нәтижесінде, облыс бойынша 13 жаңа көп қабатты тұрғын үй салынып, 9 үй қайта (Қаратау-6, Жаңатас-2, Шу-1) жаңартылды және 31 инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету нысандары жүргізіліп, 4654 жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылды. Сонымен қатар 8 мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 1 мектепке 300 орындық қосымша ғимарат салынып, 40 орындық кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығына инженерлік желілер жүргізілді. Бюджет есебінен 9 денсаулық сақтау (1 ДА, 2 ФАП, 6 МП) нысандары, 5 спорт нысандары, 11 ауызсу нысандары және 5 басқа да нысандар (облыстық прокуратураның әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу, Меркі а. ҰҚКД ғимаратының құрылысы, Қордай ауылында оңалту орталығының ғимаратына қосымша құрылыс, Аса а. малдарға арналған ветеринарлық егу-емдеу жұмыстарына арналған арнайы алаң құрылысы, Шу ауданы Шокпар а. мәдениет ғимаратының құрылысы) құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

2018 жылы барлық қаржыландыру көздерінен 482,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2017 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 21,3%-ға өсті. - «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында облигациялық құнды қағаздар шығару арқылы жалпы 720 пәтерлі 9 кредиттік тұрғын үй (59,3 мың шаршы метр) тапсырылды (3,2 млрд. теңге). - Жеке инвестиция есебінен («Құрылыс ТЭД» ЖШС, «Бином» ЖШС, «Қаратау құрылыс» ЖШС, «Абылай Сана-2003» ЖШС, «ПИКО» ЖШС) арқылы 363 пәтерлі 6 тұрғын үй пайдалануға берілді. - «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық және облыстық бюджет есебінен 13 арендалық тұрғын үй немесе 953 пәтер пайдалануға берілді. (2,6 млрд. теңге, Таразда -4 үй, Қаратау – 6, Жаңатас – 2, Шу – 1, Жамбыл ауданының Аса ауылында-1). 2018 жылдың екінші жартыжылдығында облигациялық құнды қағаздар есебінен 720 пәтерлі 9 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысын бастауға 751,0 млн. теңге бөлінді. Аталған тұрғын үйлер 2019 жылы пайдалануға тапсырылады. Облыста «7-20-25» бағдарламасына қатысу ниетімен екінші деңгейлі банктерге 718 адам жүгінген. Олардың 115-і жалпы сомасы 959 млн. теңгеге өтініш беріп, 53 азамат пәтер алуға 458 млн. теңге несие алды.

ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН ТҰРҒЫН ҮЙ КӨЛЕМІ

2018 жылы тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар 32,0 млрд. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 26,2%-ға артты. Оның ішінде, 23,2 млрд. теңге жеке құрылысшылар қаражаты есебінен жүргізілген болса, 8,5 млрд. теңге бюджет есебінен іске асырылған. Сондай-ақ Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 5,2 млрд. теңге бөлініп (РБ - 3,5 млрд. теңге, ОБ – 1,7 млрд. теңге) 31 жоба іске асырылды. 4654 жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылды.

СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ САЛАСЫ

Облыстағы 377 елді мекеннің 362-і бас жоспар және оңайлатылған сызба жобаларымен қамтылып, елді мекендер 99%-ға қала құрылысы құжаттарымен қамтылды. 15 елді мекеннің ішінен халқының саны 50 -ге жуық 8 елді мекеннің 4-ін аудан есебінен шығару және 4 елді мекенді жақын орналасқан елді мекенге қосу үшін, аудан әкімдіктері мен мәслихаттардың бірлескен шешімдері қабылданды. Қалған 7 елді мекеннің 2019 жылы оңайлатылған сызбасын әзірлеу жұмыстары жоспарланды. 2018 жылы облыс орталығы Тараз қаласының аумағын дамыту мақсатында, Тараз қаласының орталық аумағының жоспарлау жобасына түзету енгізу (жалпы көлемі 107 га), 15 шағын ауданның (жалпы көлемі 40 га), «Тектұрмас тарихи-мемориалдық этномәдени кешенінің» егжей-тегжейлі жобасына өзгеріс енгізу (жалпы көлемі 120 га) және 28 саяжай, «Арай» тұрғын алқабының егжей-тегжейлі жобасын әзірлеуге жобалау жұмыстары жүргізілді. 2019 жылғы Тараз қаласының Астана және Москва шағын аудандарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын жасақтау жоспарға енгізілді.

ЖЫЛУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ

2018 жылы облыстың отын-энергетика кешені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және бюджеттік нысандарын дайындауға 3,3 млрд.теңгеге жуық қаржы бөлінді. 2018-2019 жылдардағы жылыту маусымына 434 қазандық, 340,0 шақырым жылу желілері, 57,95 шақырым су бұру мен сумен қамту құбырлары, 1497 көппәтерлі тұрғын үйлер, 794 білім нысандары, 406 денсаулық сақтау және 553 әлеуметтік-мәдени сала нысандары даярланды. 2018 жылы Тараз қаласының жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша 1,7 млрд. теңге сомасына жұмыстар атқарылып, 3,1 шқ магистралды желілері ауыстырылды. Облыстағы бюджеттік мекемелер жылыту маусымына отынмен толық қамтылған. Тұрғындарға 332,9 мың тонна тас көмір жеткізілді. 2018 жылы «ЖЭС» ЖШС-ның жабдықтарын жөндеуге 212,0 млн. теңгеге 1586,07 км электр желілері күрделі, 7969,71 км электр желілері ағымдағы жөндеуден өтті. Жаңартылған энергия көздері саласында Жамбыл облысында 2020 жылға дейін шамамен 100,0 млрд. теңгеден асатын жалпы қуаттылығы ~ 387,88 МВт құрайтын 5 жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда. Бүгінгі таңда қолданыстағы 10 жаңартылған энергия көздері нысандарының жалпы қуаты 168,7 МВт-ты құрап отыр.

 width=

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

Облыста 4 қалада 1624 көппәтерлі тұрғын үй бар. Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде жалпы 4,5 млрд. теңгеге 280 үй жөндеуден өтті, оның ішінде: - Республикалық бюджеттен бөлінген 2,5 млрд. теңгеге 172 үй ; - Қайтарым қаражат есебінен 1,7 млрд. теңгеге 93 үй ; - Жергілікті бюджет есебінен Тараз қаласында 320,0 млн.теңгеге 15 үй жөнделді. Бүгінгі күнге жөндеуді қажет ететін 330 үй бар немесе 20,3%. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) саласында коммуналдық қызметтер көрсету саласының ашықтығын, коммуналдық қызметтер тарифтерінің негізділігін және жиналған қаражаттың жұмсалуын қамтамасыз ету бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыру және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде. Тесттік режимде E-SHANYRAQ Бірыңғай зияткерлік ақпараттық жүйесі іске қосылды. 150 көппәтерлі тұрғын үй қосылды, жүйеде техникалық паспорттар 97,4% (888 көппәтерлі тұрғын үй 864) толтырылды.

ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ

Облыстағы 377 елді мекеннің 48%-ы газдандырылған (181 елді мекен). 2018-2027 жылдары 196 елді мекенді газдандыру жоспарлануда (377 е.м немесе 100 пайыз). 2017 жылы облыстық бюджеттен 525 млн. теңге бөлініп, 11 ЖСҚ дайындалды. Оның ішінде алты ауданның 84 елді мекенін газдандыру, Тараз қаласы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін АГРС-1 мен АГРС-2-ні қаланың сыртына шығару қарастырылған. Бұл жобалар құрылыс жұмысымен іске асқан кезде облыстағы газдандырылған елді мекен саны 265-ті құрап, 70% деңгейіне көтеріледі. Газдандырылған елді мекен ішіндегі орталықтандырылған газ торабына қосылмаған халық саны 88 мың адам. Оның 53 мың адамы бар үйлерді есепті жыл соңына дейін газ торабына қосу жоспарланған. Есепті кезеңде аудан әкімдері төмен бағамен, 82 756 теңгеге газ кіргізу жұмысын (Жамбыл-жылу, Теміржол-жылу, жеке мердігерлер) атқарды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жоспар 98,1%-ға орындалды (52 065 адамы бар үйлер). Қалған 35 мың адам Тараз қаласына кейін қосылған (саяжай) елді мекендерде тұратын халық.

АУЫЗСУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Облыстағы 4 қалада 2019 жылдың 1 қаңтарында орталықтандырылған сумен қамтылғаны 88,0 %-ды құрады: - Тараз қаласы – 356 461 адамның 89,4% қамтылған; - Қаратау қаласы - 29 781 адам 100% қамтылған; - Жаңатас қаласы - 22 068 адам 100% қамтылған; - Шу қаласы - 36 115 адамның 57,2,0% қамтылған. 2018 жылы аудандардағы 19 нысанның құрылысы (8 нысан 2017 ж. өтпелі) және 13 жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуіне бюджеттен 8,6 млрд.теңге бөлінді. (17 нысанның құрылысына РБ-тен 7,5 млрд.теңге, 2 нысанның құрылысына және 13 жобалау жұмыстарына облыстық бюджеттен 1,1 млрд.теңге бөлінді). 2018 жылы 10 елді мекен ауызсумен қамтылды. Олар: Жамбыл ауданы – Пригородное а., Тоғызтарау а. Қордай ауданы - Аухатты а., Талас ауданы - Қызыләуіт а., Байзақ ауданы - Кеңес, Абай, Мырзатай, Тегістік ауылдары. Т.Рысқұлов ауданы- Луговое а., Шу ауданы - Қонаев а. Орталықтандырылған сумен қамтылған ауылдық елді мекендер тарифтерінің жоғары болуына және су жүйесіне қосылуға қаржы жетіспеушілігіне байланысты 50,0 мың адам су жүйесіне қосылмаған болса, бүгінде олардың 7150-і орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды. Жыл ішінде қызмет көрсетуші мекемелердің 1 м3 ауызсуға 50 теңгеден жоғары бекітілген тарифтеріне бюджеттен субсидия алу бойынша жұмыстар жүргізді. Тарифтерді тиімді ету мақсатында облыста «Тараз су» МКК негізінде Бірыңғай оператор құру туралы шешім қабылданған. Нәтижесінде ауылдық елді мекендерді сумен қамту саласына халықаралық қаржы ұйымдарынан инвестиция тартуға қол жеткізіледі. 2019 жылға республикалық бюджеттен Тараз қаласының сумен қамту саласы бойынша 2 жобаға 650,0 млн.теңге, ауылдық елді мекендерді сумен қамтуға 10 жобаға 3,4 млрд.теңге (6 жоба өтпелі – 1542,2 млн.теңге, 4 жаңа жоба – 1898,0 млн.теңге) бөлінді. Осы жобаларға облыстық бюджеттен қосымша қаржыландыруға 10% көлемінде қаражат қарастырылды.

 width= 2018 жылы коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендетіліп, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Оның ішінде: Тұрғындар үшін тауарлық газ бағасы 6,3%-ға төмендеп нәтижесінде 1 м3 үшін 27,7 теңгеден 25,5 теңгені құрады. Жылу энергиясы 11,4 %-ға төмендеп, есептеу аспаптары барларға 1 Гкал үшін 1 897 теңгеден 1 681 теңгені құрады. Есептеу құралдары жоқтарға 4410 теңгеден 3845 теңгеге төмендетілді. Сумен жабдықтау саласында тұрғындар үшін 22,9%-ға төмендетіліп, нәтижесінде 1 м3 үшін 58,5 теңгеден 45,1 теңгеге төмендетілді. Электр энергиясының тарифі 7,2 %-ға немесе 14,95 теңгеден 13,87 теңгеге төмендету күтілуде.

ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ

Жамбыл облысының мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 4427,0 мың га, оның орманды жерлері - 2319 мың га. 2018 жылға жергілікті бюджеттен ормандарды қорғау, қорын молайту және жаңадан орман өсіру шараларына 360,2 млн. теңге қаржы бөлінді, оның ішінде: мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базаларын жақсарту мақсатында – 235,0 млн. теңге, мемлекеттік орман қоры аумағында өртке қарсы профилактикалық іс - шараларды жүргізуге – 57,3 млн. теңге. Ормандарды қалпына келтіру және жаңадан орман өсіру шараларын іске асыруға 67,9 млн. теңге қаржыға ерте көктемде орман қоры аумағына сексеуіл және тағы басқа орман көшеттері арқылы - 1800 га және күзде 3500 га көлемде сексеуіл алқаптары тұқымдары себілді. Жануарлар дүниесін қорғауға, өсімін молайтуға 7,4 млн. теңге бөлінді. Облыс әкімінің бастамасымен Жамбыл облысының биологиялық және экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен құстарды сақтау және дамыту туралы декларация қабылданды. Аталған декларацияны облыстағы 5000-ға жуық тұрғындар, кәсіпкерлер, депутаттар және мемлекеттік қызметкерлер қолдады. Суармалы аймақты ұлғайту мақсатында жаңа су қоймаларын салу және ескі су қоймаларын қалпына келтіру мүмкіндігін анықтау жұмыстары басталды. Осы жұмыстарға 15,0 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 10,0 млн.теңгеге топографиялық, геодезиялық және геологиялық зерттеулер жүргізілді, және 5 жаңа су қоймасы техникалық байқаудан өткізілді («Андас-1», «Андас-2», «Андас-3», Меркі ауданындағы «Тескентоған» және Қордай ауданындағы «Тарлыған»). Жамбыл ауданындағы БАМ және Жуалы ауданындағы Қайрат, Жарбұлақ, Шетбұлақ және Береке: жалпы 5 су қоймаларына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 5 млн.теңгеге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленді. Сонымен қатар «Жамбыл су қоймалары» КММ-нің күшімен 10 су қоймаларын жөндеу жұмыстары жүргізілді.

КӘСІПКЕРЛІК

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 321,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 105,6% құрады, жұмыспен қамтылғандар саны – 118,0 мың адам (100,8%).

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өнім шығарылымы, млрд. теңге

 width= 2018 жылы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 63,3 мың бірлікті құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 107,8%-ға артқан. Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 наурыздағы «Бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінің төртінші бастамасы - «Шағын несие беруді көбейту» бойынша «Еңбек» 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының» 2-ші бағыты шеңберінде 2018 жылы жаппай кәсіпкерлікті дамытудың - қалаларда және моноқалаларда (Тараз, Жаңатас және Қаратау) шағын несиелендіру және несиені кепілдендіру үшін 1,3 млрд. теңге (оның ішінде шағын несиелендіруге 1 232,8 млн.теңге және несиені кепілдендіруге 88,3 млн.теңге) бөлінді. Бөлінген қаржы аясында 2018 жылы 495,1 млн.теңге 46 жобаға берілсе, 21,4 млн.теңгеге 24 жобаның несиелері кепілдендірілді (Тараз қ. – 13,8 млн.теңгеге 21 жоба, Қаратау қ. – 6,4 млн.теңгеге 2 жоба, Жаңатас қ. - 1,2 млн. теңгеге 1 жоба). 2018 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының «Пайыздық ставкаларды субсидиялау» тетігі бойынша 2,1 млрд. теңгеге 53 жоба, «Банк несиелері бойынша кепілдеме беру» тетігі бойынша 601,5 млн. теңгеге 58 жоба, «Өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту» тетігі бойынша 492,4 млн. теңгеге 4 жоба және гранттық қаржыландыру құралы бойынша 20,0 млн. теңгені құрайтын 7 жоба мақұлданып іске асырылуда. Бағдарламаның төртінші бағытының шеңберінде 2287 кәсіпкерлік субъектілеріне сервистік қолдау көрсетілді. «Бизнес кеңесші» бойынша 1096 тыңдарман оқытылды. «Іскерлік байланыс» компоненті бойынша 38 шағын және орта бизнес субъектілері өтініш білдіріп, оның ішінде 10 кәсіпкер Қазақстан-Британ университетінің базасында оқытылып, сертификаттарын алды. Бағдарламаға қатысушы кәсіпорындарда 15 мыңнан астам жұмыс орындары сақталып, 5000-нан аса жұмыс орындары ашылды.

БЮДЖЕТ

2018 жылы облыс бюджетіне кірістер бойынша 247,0 млрд. теңге жоспар 251,2 млрд.теңгеге немесе 101,7%-ға орындалды, өзіндік кірістер 58,3 млрд. теңгеге немесе 107,8%-ды құрады. Облыс бюджетінің шығыстары 100%-ға орындалып, 262,7 млрд.теңгені құрады, оның ішінде облыс бюджеті қаражаттарының 41,0%-ы (107,8 млрд.теңге) білім беруге, 3,0%-ы (7,9 млрд.теңге) денсаулық сақтауға, 5,0%-ы (13,2 млрд.теңге) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға, 5,6%-ы (14,6 млрд.теңге) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiкке бағытталған.

 width= 2018 жылы мемлекеттік бюджетке 85,8 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналып, жоспар 108,1%-ға қамтамасыз етілді, түсімдер 2017 жылмен салыстырғанда 5,4%-ға өскен, оның ішінде республикалық бюджетке – 27,5 млрд.теңге, жергілікті бюджетке 58,3 млрд. теңге сомасында түсімдер түскен.

 width= 2018 жылы ауылдық округ бюджеттері кірістер бойынша 12,7 млрд.теңгеге немесе 102,6%-ға орындалды, оның ішінде меншікті кірістері 2,4 млрд.теңгеге немесе 115,9%-ға орындалып, бюджетке 327,0 млн.теңге артық түскен. Ауылдық округ бюджеттерінің шығыстары 12,3 млрд.теңгеге немесе 99,9%-ға орындалған.

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ

Жекешелендірудің Кешенді жоспарына сәйкес Жамбыл облысында 37 ұйым бәсекелестік ортаға беруге жатады. Бүгінгі таңда 29 ұйым бәсекелестік ортаға берілді, оның ішінде 14-і сенімгерлік басқаруға берілд

Ұқсас жаңалықтар