«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қоғам болып жұмылғанда ғана сыбайластық еңсеріледі

Қоғам болып жұмылғанда ғана сыбайластық еңсеріледі
ашық дереккөз
Қоғам болып жұмылғанда ғана сыбайластық еңсеріледі

Құқықтық мемлекет құрып, қоғамды барынша демократияландыру үдерісін қолға алған еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға кедергі келтіріп отырған сыбайлас жемқорлық қылмыс пен құқықбұзушылықты тек мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам институттары күш біріктіргенде ғана еңсеруге болатындығы мәлім. Міне, сол жағын ескеріп, облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы азаматтардың жемқорлыққа қарсы көзқарасын жүйелі және мақсатты қалыптастырумен айналысатын азаматтық қоғам субъектілерін қолдау үшін, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру бойынша кешенді іс-шаралар ұйымдастыру» атты әлеуметтік жобаны қаржыландырған болатын. Бүгінгі таңда, аталған жобаны Жуалы ауданындағы «Ақментей» қоғамдық бірлестігі жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Апта аралығында облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен облыс орталығындағы «Достық» үйінде өткен «Жемқорлыққа қарсы күрес — қоғамдық міндет» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында әлеуметтік жобаны үйлестіруші «Ақментей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А. Дүрәліұлы басқосуға қатысып отырған аумақтағы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің, саяси партиялардың, жастар қоғамдық бірлестіктері мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерінің және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында бірлестіктің жұмыс тәжірибесін ортаға салды. Өз жұмыстарына қатысты жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар қайтарды. Сондай-ақ, дөңгелек үстел отырысында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Қ. Нұрымбетов партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жобасының бағыттары туралы баян етті. Дөңгелек үстелде күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Қазақстанның Патриоттар партиясының» облыстық филиалы төрағасының орынбасары Р. Рысқұлбекова, «Асу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М. Ноқрабеков, жастар қоғамдық бірлестіктері атынан Б. Мөрбеков сөз алып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Дөңгелек үстелді облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының саяси партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің басшысы М. Жақыпбеков қорытындылады.

Сапарғали Әлібай, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар