Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауы – жастарға үлкен серпіліс берді. Мемлекет басшысы осы арқылы жас буынға сенім мен үлкен жауапкершілік артатынын көрсетіп отыр. Енді біз сол сенімнің үдесінен шыға білуіміз керек. Ол үшін ең алдымен тұлға ретінде қалыптасып, дамуға ұмтылып, қоғамның ілгерлеуіне үлес қосуға тиістіміз. Жастар – болашақтың алтын діңгегі, мемлекеттің тірегі. Тұңғыш Президентіміз бастаған дара жолмен, тарихымызда болмаған ұлы мемлекет іргесін салуда көптеген жетістікке қол жеткіздік. Еліміз бүгінде ашық аспан астында бейбітшілік пен келісім салтанат құрған мемлекетте өмір сүріп жатыр. Әлемге өзіміздің теңдессіз елордамыз – Астананы таныттық. Мұның барлығы мәңгілік ел екендігіміздің айқын көрінісі. Оның кілті – патриоттық сезімге бай, жаңашыл, өнерпаз, жасампаз жастардың қолында. Елбасының ерікті студенттердің шәкіртақысын шамамен 30 пайызға көбейту туралы бастамасы мені қанаттандырғаны рас. Сонымен қатар қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысып жүрген студенттерімізге бұл стимул және керемет жаңалық болды. Біз жастар – қазақ елінің болашағымыз, өсіп-өнген өрендеріміз. Еліміздің әлемдік саяси аренада салтанат құруы үшін бар күш-жігеріміз бен қуатымызды арнаймыз деп уәде етеміз!
Бабыржан ТҰРЛЫБАЙ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану факультетінің 1-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды
- 6 желтоқсан, 2025
Масылдық неге дендеп барады?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




