АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатты аязға байланысты тағы төрт өңірде бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары оқымайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қостанай қаласының білім бөлімінің ақпаратына сәйкес, 28 қаңтар сағат 06.00-дегі жағдай бойынша, облыс орталығында термометр -27 градусты көрсетіп тұрды. Осыған орай бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Павлодар қаласының білім басқармасы -31 градус аязға байланысты бірінші ауысымдағы 1-9 сыныптар үшін сабақтарды тоқтатты.
Шығыс Қазақстан облысының бірнеше елдімекенінде таңертеңгі кезекшіліктегі оқушылар оқымайды. Атап айтқанда, Өскемен қаласында (-28°С) 1-4 оқушылары, Семейде (-29°С) 1-11 сынып оқушылары және 1-2 курс колледж студенттері, Риддерде (-32°С) 1-11 сыныптар және 1-2 курс колледж студенттері сабаққа бармайды. Сонымен қатар, Алтай ауданында (-28°С) 1-4 сыныптар, Шемонайха ауданында (-28°С) 1-4 сыныптар, Аягөз ауданында (-28°С) 1-9 сыныптар, Бородулиха ауданында (-33°С) 1-11 сыныптар және 1-2 курс колледж студенттері, Абай ауданында (-29°С) 1-4 сыныптар оқымайды.
Сондай-ақ Көкшетау қаласында аяз салдарынан бірінші ауысымдағы 0-9 сыныптарда сабақ болмайды. Қазіргі кезде Көкшетауда термометр бағаны -30 градусты көрсетіп тұр.
Қатты аязға байланысты Астана қаласының мектептерінде де сабақтар тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




