«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жамбыл облысында шағын қалалар арасында жайлы пойыз қатынасы ашылды

Жамбыл облысында шағын қалалар арасында жайлы пойыз қатынасы ашылды
ашық дереккөз
Жамбыл облысында шағын қалалар арасында жайлы пойыз қатынасы ашылды
Жамбылдық Қаратау және Жаңатас қалаларының тұрғындары «Тараз-Қаратау-Жаңатас» аралығында қатынайтын жайлы теміржол пойызы қызметін пайдалану мүмкіндігіне ие болды. 2011 жылы Қаратау және Жаңатас кеншілер қалалары тұрғындарының өтінішімен Жамбыл облысының шалғайдағы елді мекендері арасында аптасына 5 рет қатынайтын әлеуметтік маңызды теміржол қатынасы ашылған болатын. 2014 жылдың басында осы жолбағыттың қатынауына 261,5 млн. теңге бөлінді. Сонымен бірге, маусым айында облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар тағы қосымша 17,2 млн. теңгенің бөлінуін бекітті. Мемлекеттік бюджеттен субсидияланатын электр пойызымен жүру құны жолаушыларға автобустан гөрі арзанға түсіп отыр. Егер Қаратауға дейін автобус билеті 500 теңге болса, пойызда - 156 теңге. Егер бұрын бұл маршрутпен бір ғана вагон жүретін болса, оның өзі локомотив тоқтағанда жарығы өшіп қалатын болса, қазір үш жаңа вагон іске қосылып, төртінші вагонға кернеуді тұрақты ұстап тұратын дизель қойылды. Үш вагонға 165 жолаушы сияқты. Мұнда ауа баптағыш және теледидар бар. Жолда жүру уақыты 4 сағатқа дейін қысқарды. Облыс әкімдігі соңғы жылдары шағын қалалар бағытына жолаушылар ағыны өскенін атап өтуде. Бұл өңірде химия саласының қайта түлеуімен және шағын қалалар мен кенттерді дамыту бағдарламасын жүзеге асырумен, жұмыс орындарының көбеюімен байланысты. Қозғалыс кестесі халықтың тілегіне орай жасалған: Жамбыл стансасынан пойыз таңертең аттанып, кешке кейін оралады. "Тараз-Қаратау-Жаңатас" пойызының жолаушылары Жамбыл стансасынан елдің басқа бағыттарына сапарлай алады. «Қазақ темір жолы» ҰК» АҚ Жамбыл бөлімшесі филиалының басшысы Дәулетбай Есімбековтің айтуынша, ҚТЖ 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес қызмет сапасын арттыруға, негізгі қорларды жаңартуға баса көңіл бөлуде.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар