Әжелеріміз бен аналарымыздың бұрымдары қалың, әрі ұзын болғанын ескі фотосуреттерден білеміз. Ал ендеше, біздің шашымыз неге тым жұқа? Сондай-ақ тарағанда уыстап түсуі де әрқайсымызды көп алаңдатады. «Шаштың өсуін жеделтетіп, қалыңдатады» деген жазуымен сусабындар да, шашқа арналған түрлі маскалар да дүкен сөрелері мен дәріханаларда толып тұр. Десе де олардың керемет нәтижесіне қарық болып жатқандар аз. Сондықтан да кезінде әжелеріміз қолданған мына бір маскаға көз жүгіртіп көріңіз. Сізге керегі – нан мен су. Қара нанды 3-4 бөлікке бөліп, бірнеше күн қатырып (кептіріп) қоямыз. Нан қап-қатты болуы керек. Үш литр ыдысқа (металл ыдыс болмасын) қатқан нанды салып, нанның бір бөлігін алатындай етіп, үстінен қайнаған ыстық су құйыңыз да оны 3 күн бұқтырып қойыңыз. 3 күннен кейін ыдыстағы масканы ысытып, нанын сүзіп алыңыз. Суын төкпеңіз. Сүзіп алған нанды сулы шашқа жағып, полиэтилен қап киіп, сыртынан жылылап орамалмен ораңыз. Жарты сағаттан кейін шашыңызды алдымен жылы сумен, ал одан кейін нан бұқтырған сумен жақсылап шайыңыз. Бұл маска шашыңыздың түсуін тоқтатады. Сонымен қатар шаштың өсуі артып, жылтырай түспек.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді