Ауданда елімізді Индустрия-лық-инновациялық дамыту бағдарламасы аясында бірнеше жоба жүзеге асырылды. Қазір олардың игілігін аудан ғана емес, облыс тұрғындары да көріп отыр. Атап айтқанда, 2015 жылы «QOLDEN COMPASS CAPITAL» ЖШС жалпы құны 8 миллиард теңгені құрайтын «Алтын өндіру» жобасын іске қосты. Кәсіпорын толық қуатында жұмыс істегенде жылына 250-300 килограмм алтын өндіре алады. Қазір мұнда 150 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын 2018 жылы 3,5 миллиардтан астам теңгенің өнімін өндірді. Ал «Луговой жылқы зауыты» ЖШС 2016 жылы 435,6 миллион теңгенің «Мал азығына қажетті ұсақталған құрама жем әзірлеу» зауытын пайдалануға берді. Ол сағатына 15 тонна құрама жем өндіру әлеуетіне ие. Өндірісте барлық жұмыс автоматтандырылғандықтан, бар-жоғы төрт адам ғана жұмыс істейді. Өткен жылы мұнда 200 миллионнан астам теңгенің өнімі өндірілді. Бүгінде ауданда жоғарыда аталған бағдарлама аясында «Арно Агро» ЖШС «Тараз ӘКК» ЖШС-мен бірлесіп, Құлан ауылында «1000 гектар алқаптағы өсімтал бақ» жобасын жүзеге асыруда. Жобаның құны 26 миллиард теңге көлемінде. Жоспарға сәйкес 2017 жылы аталған бақтың 100 гектарына шие көшеттері отырғызылды. Қазірге дейін қаржының 1,2 миллиард теңгесі игерілген. Сондай-ақ Құлан ауылындағы «ВИО Энергия» ЖШС сағатына 4,95 мегаватт электр қуатын өндіретін «Биогаз» стансасының құрылысын қолға алмақ. Жобаның құны – 3,3 миллиард теңге. Аудан әкімдігі бұл мақсатқа 20 гектар жер телімін бөлген. Оның жобалық-сметалық құжаттамасы жасалған. Қазір мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. «Биогаз» іске қосылған кезде 3 бағытта қызмет көрсетпек. Яғни электр қуатын, жылу және минералдық тыңайтқыш өндіретін болады. Нысан іске қосылғанда жылуды пайдалану арқылы 10 гектар жер теліміне құны 9 миллиард теңгелік жылыжай салу жоспарлануда. Мұның өзі ондаған жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бермек. Ішкі туризм саласын дамыту бағытында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің аудан аумағындағы бөлігінің 414 шақырымында «В» санатты жол бойы қызмет көрсету кешені құрылысы жүргізілуде. Бұл жұмыспен конкурс жеңімпазы – «Каз Туризм» ЖШС айналысуда. Жобаның құны 720 миллион теңгені құрайды. Нысан іске қосылғанда тұрақты 50 жұмыс орны ашылып, тәулігіне 500 автокөлікке және жолаушылар мен туристерге қызмет көрсетіледі. Оның жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Аудан әкімдігі «Каз Туризм» ЖШС сұранысына сәйкес жол бойына қызмет көрсету кешені құрылысын кеңейту үшін 8,5 гектар жер телімін бөліп берген. Бұл аумақта «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылым жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірлену үстінде. Жобаны қаржыландыру Аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданған.
Ақылжан МАМЫТ
Т. Рысқұлов ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді