Жаңалықтар
Қырғызстанда киберспорттан жарыс өткізілген театрдың басшысы жауапкершілікке тартылады
- author «Ақ жол»
- 21 қаңтар, 2019
- 462
Қырғызстанда киберспорттан жарыс өткізілген театрдың басшысы жауапкершілікке тартылады
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанда киберспорт сайысын театр ғимаратында өткізуге рұқсат берген мәдениет мекемесінің басшысына шара қолданылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап. Елдің Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Жаманқұлов Қырғыз ұлттық опера және балет театрының басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылады деп мәлім етті. Ол аталмыш театрда Dota-2 компьютер ойынынан сайыс өткізуге министрлік қарсы екендігін жеткізді.
«Мәдени орындарда тек қана мәдени шаралар өткізілуі тиіс. Dota бұл тұжырымға сай келмейді. Сондықтан басшылыққа қатысты тәртіптік шаралар қолданылады», - деді ол.
Оның айтуынша, 21 қаңтарда осы мәселеге қатысты тәртіп комиссиясы құрылады.
Агенттіктің хабарлауынша, елдің басты театрында Dota-2 киберспортынан сайыс өткізілуі жұртшылықтың наразылығын тудырған.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




