ауданда биыл 1000 гектардай алқапқа «дала аруы» егіліп, өсірілмек
Ауданда кенжелеңкіреп қалған ауыл шаруашылығы саласы соңғы үш ай ішінде мықтап қолға алынып, бұл ретте атқарылар жұмыс ауқымы да айқындалған. Атап айтқанда, егістік алқаптарын сүдігерге жырту, тұқым дайындау, жанар-жағар май қорын жасау, жер құнарлылығын арттыру, бос жатқан жерлерді игеру мәселелері бойынша ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдеріне нақты ұсыныстар беру тапсырылған болатын. Жалпы әкімдік жиындарында тиісті мекемелерге мал мен егін шаруашылығын өркендетуге байланысты 24 рет хаттамалық тапсырма беріліп, олардың нақты орындалу мерзімдері де көрсетіліп отырды. Мұның нәтижесі де жоқ емес. Жуырдағы әкімдік жиынында берілген тапсырмалардың орындалуы қатаң сұралды. Үш ай бедерінде жүзеге асырылған жұмыстарға келсек, ауданда 309 гектар егістік жер сүдігерге жыртылып, 12,5 шақырым канал арнасы тазартылған. Ауа райының қолайлылығына байланысты канал тазалау жұмыстары әлі де жалғасуда. Сондай-ақ егістіктердің нақты иелері кім екені, біразының көптен пайдаланылмай жатқаны да анықталыпты. Алайда қамыс, жиде, шеңгел басып кеткен егістік жерлерді қайтарып алу ісі де айтарлықтай нәтиже бермей отырған сыңайлы. Ауылдық жерлердегі жеке иеліктегі техникалардың есебі алынғанымен, олардың басым бөлігі жарамсыз күйде. Бір айта кетерлік жай, ауданда «дала аруының» байырғы даңқын қайта оралту бағытында игілікті іс қолға алынбақ. Атап айтқанда, ауылдық округтер бойынша Кеңесте – 300, Бірлікте – 300, Биназарда – 120, Қызылталда – 135, Қызылотауда 115 гектар алқапқа жүгері егу жоспарланып отыр екен. Бұдан тыс тары, арпа, жоңышқа, бақша дақылдары егістіктері көлемі де едәуір ұлғайтылмақ. Диқандар жерін жыртып, арналарды тазалап, биылғы жылдың өнімі үшін тынбай қарекеттеніп, ағын судың мол болатынына көз жеткізіп те отыр. Міне, мұндай азаматтарға аудан басшысы тарапынан қосымша көмектер де көрсетілетін болады. Аталған жиын барысында аудан әкімі Мәден Мұсаев: –Ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін көтеру мақсатында қыруар қаржы жұмсап отырмыз. Мұның қайтарымы болуға тиіс. Сондықтан да бар мүмкіндікті пайдалана отырып, жүгері егілетін алқаптар көлемін ұлғайтуымыз керек, – деп мерзімдері көрсетілуімен тиісті бөлімдер басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Алдағы уақытта ауданда ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, ветеринарлық қызметті үйлестіру, мал басын көбейту, ет өнімдерін экспортқа шығару, жерді, әсіресе суармалы егістікті тиімділікпен пайдалану, елді мекендердің сәулеттік айшық-келбетін жақсарту жұмыстары жүйелі жалғасын таба да бермек.
Сүндетулла ӘБІЛОВ, журналист.
Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді