«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдың 19 маусымынан бастап жол жүру құжаттарын (билеттер) қайтару үшін комиссиялық алым мөлшерін қосылған құн салығын қоса есептегенде, 1000 теңгеге дейін өсірген болатын. Үстіміздегі жылғы қаңтар айының 15-нен бастап жол жүру құжаттарын қайтаруға байланысты бірқатар өзгерістір енгізілді. Жамбыл стансасы билет кассаларының меңгерушісі Бағдат Тілеуленова бұл өзгерістің еліміз бойынша жолаушылардан көптеп түскен арыз-шағымдардың ескеріліп, қолға алынып отырғандығын айтады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ережесіне сәйкес жолаушылар темір жол билетін қай күні, қай сағатта тапсырса да тасымалдау ережесіне сай қолданылмаған жол жүру құжатын (билеттерді) кассаға қайтару кезінде жолаушыдан: пойыз жөнелтілгенге дейін 24 сағаттан кешікпей – жол жүру құжатының толық бағасы, пойыз жөнелтілгенге дейін 24 сағат ішінде, бірақ 6 сағаттан кешікпей – билет құнын және плацкарт құнының 50 пайызы, пойыз жөнелтілгенге дейін 6 сағат ішінде және пойыз жіберілгеннен кейін 1 сағаттан кешікпей – билет құны, бірақ плацкарт бағасы ұсталатын. Сонымен қатар бұған қоса жолаушыдан комиссиялық алым яғни 1000 теңге алынатын. Ал қайтарылатын билет құны 1000 теңгеден аз болса, комиссиялық алым ұсталмайтын. Енді бұл ережеге бірқатар өзгерістер енгізіліп отыр. – 2019 жылғы 15 қаңтардан бастап жолаушы темір жол қатынасын пайдалануға алдын ала сатып алған билетті белгілі бір себептерге байланысты қайтадан өткізгенде 500 теңгеден 3 500 теңгенің көлеміндегі жол жүру билетіне қосымша комиссиялық алым ұсталмайтын болды. Ал сатып алынған жол жүру құжатының сомасы белгіленген мөлшерден жоғары болған жағдайда комиссиялық алым бұрынғы ережеге сәйкес еш өзгеріссіз ұсталынады, – дейді Б. Тілеуленова. Мамандардың пікіріне сүйенсек, жол жүру билеттерін қайтарудың да машақаты аз емес көрінеді. Мәселен, жолаушы бір билетті пойыз жүрерден 24 сағат, яғни бір тәулік бұрын қайтаратын болса арнайы өтініш негізінде құжаттарының көшірмесін кассаға өткізуі немесе пошта арқылы тиісті мекен-жайға жіберуі қажет. Тұрғындар осы мәліметтерді пошта арқылы жіберуге бір шығындалады, оған қосымша пошта тарапы жолаушыға қаражатты қайтарғанда тиісті мөлшерде өз қызметінің қаржысын тұтынушының есебінен ұстап қалады. Оған қосымша темір жол саласына тиесілі 1000 теңге комиссиялық алымы бар. Нәтижесінде билетті қайта өткізген азаматтың қолына азғантай қаржы ғана қайтарылады. Бұл көптеген жолаушылардың наразылығын тудырды. Мұндай жағдай темір жол саласы қызметкерлеріне де ыңғайсыздық туындатты. Нәтижесінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ белгілі бір мөлшерде сатып алынған билет құнына комиссиялық алымды ұстамауға шешім қабылдап отыр.
Алпамыс Қазыбаев
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді