Былтыр қаңтар-қараша айларында республикада 1 жасқа толмаған 2882 сәби шетінеген (2017 жылдың қаңтар-қараша айларында - 2896). 2018 жылдың он бір айында әр 1000 сәбидің 7,86-сы шетінеген.
Сәбилер өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңде туындаған жағдайлар болған. Соның салдарынан былтыр қаңтар-қараша айларында 1474 сәби (жалпы көрсеткіштің 51,1%-ы) шетінеген.
2018 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанға көшіп келгендердің саны алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 20,5% азайып, кеткендер саны 11,9% артқан. Елге келушілердің 78,6%-ы ТМД елдерінен келсе, кетушілердің 90,3%-ы Достастық елдеріне кеткен.
Ел ішінде көшіп-қонушылардың саны 12,2% азайды. Өңіраралық көші-қонның оң сальдосы Шымкент (38 074 адам), Алматы (31 738) және Астана (17 617) қалаларының үлесіне тура келеді.
Авторы: Асхат Ахметбеков
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді