Жаңалықтар
Түркия азаматтары Қырғызстаннан Қазақстанға жалған құжаттармен өтпек болған
- author «Ақ жол»
- 14 қаңтар, 2019
- 565
Түркия азаматтары Қырғызстаннан Қазақстанға жалған құжаттармен өтпек болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ақжол - автодорожный» өткізу бекетінде шекара жасағы жалған төлқұжатпен Қырғызстаннан Қазақстанға өтпек болған үш Түркия азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап. Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметі БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі хабарлағандай, Түркия азаматтары төлқұжаттық бақылаудан өту кезінде шекарашыларға Түркия Республикасының арнайы қызметтік төлқұжаттарын көрсеткен.
Алайда, шекара жасағы ұсынылған құжаттардың бір бөлігінің қолдан жасалғанын анықтаған.
Жіті тексеру кезінде Түркия азаматтарының Қырғызстанға шынайы құжаттармен келгені анықталды. Бірақ, олар елден жасанды төлқұжаттарды заңдастыру мақсатында басқа құжаттармен шықпақшы болған.
Ұсталушылар Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметі аймақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне тапсырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




