Ұлттық ұланның тарихы ел тәуелсіздігімен тамырлас. Осыдан 27 жыл бұрын, яғни 1992 жылдың 10 қаңтарында Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының ІІМ Ішкі әскерлері туралы» Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Тәуелсіздікке қадам басқан алғашқы жылдарда қабылданған реформа елдің ертеңі мен қауіпсіздігін сақтауға қызмет етуде. Құқықтық тәртіптің сақшылары – мемлекетіміздің ішкі қауіпсіздігінің қалқаны. Осы кезеңде ұландықтар өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді. Атап айтсақ, былтырдың өзінде 622 қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтың ашылуына өз үлестерін қосқан. Тараз қаласындағы Ы.Дүкенұлы атындағы Мәдениет үйінде аталып өткен Ұлттық ұланның кәсіби мерекесінде осындай нәтиже көрсетіп, еңбегі еленген әскери қызметшілер мен ерлік жасаған сарбаздар марапатталды. – Кез келген мемлекет үшін халықтың ішкі тыныштығы мен елдің қауіпсізгі маңызды. Адам құқықтары жоғары деңгейде қорғалып, кез келген құқық бұзушылыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізген мемлекет қана экономикасының берік іргетасын қалап, дамудың жаңа кезеңіне сенімді қадам басатыны сөзсіз. Кешегі ішкі әскер – бүгінгі абыройы асқақтап келе жатқан Ұлттық ұлан, – деген 5513 әскери бөлімінің командирі, подполковник Бауыржан Қабылбеков жиналғандарды мерекелерімен құттықтады. Салтанатты шарада сарбаздар париоттық әндер тыңдап, көңілдері бір серпіліп қалды.
Камила БОРАШОВА
Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді