«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақстандық режиссердің «Кітап» фильмі халықаралық кинофестивальде бағын сынамақ

Қазақстандық режиссердің «Кітап» фильмі халықаралық кинофестивальде бағын сынамақ
ашық дереккөз
Қазақстандық режиссердің «Кітап» фильмі халықаралық кинофестивальде бағын сынамақ
2-8 тамыз аралығында Ресейдің Иркутск қаласында «Отбасы ортасында» («В кругу семьи») атты IX Халықаралық театр және кино фестивалі өтеді. Оның негізгі конкурстық бағдарламасына Ресей, Украина, АҚШ, Қытай, Сербия, Қазақстан, Өзбекстан, Нидерланд, Сингапур елдерінің режиссерларының туындылары енбек. Ал фестиваль жаңалығы режиссера Глеб Орловтың «Поддубный» фильмі болады. «Фестивальдің негізгі мақсаты - байыпты да көркем отбасылық фильмдерді көрермендерге жеткізу», - дейді фестиваль президенті, актер және продюсер Александр Ковтунец. Атап айтқанда, байқауда мына 10 кинотуынды өзара бақ сынаспақ: «АБ ОВО» - режиссері Алисы Ягубец (Ресей), «Люктің хикаясы» - режиссері Алонсо Майо (АҚШ), «Мамарош» - режиссері Момчило Мрдакович (Сербия, Германия, Венгрия), «Ол» - режиссері Лариса Садилова (Ресей), «Ұят» - режиссері Юсуп Разыков (Ресей), «Іле өзені» - режиссері Ван Цзингуан (Қытай), «Тұрбашы» - режиссері Анатолий Матешко (Украина), «Кітап» - режиссері Ербол Жұмағұлов (Қазақстан), «Ило Ило» - режиссері Энтони Чен (Сингапур), «Аға» - режиссері Рашид Маликов (Өзбекстан). Конкурстың әділқазылар мүшесіне ресейлік актер Станислав Любшин мен поляк режиссері Кшиштоф Занусси жетекшілік етеді. Сондай-ақ оның құрамында қытай режиссері Дай Вей, ресейлік актер, режиссер, продюсер Алексей Петрухин, ағылшындық Amadeus Иво Фиоренза компаниясының директоры және француз режиссері Соня Бернадет. Айта кетейік, қазақстандық режиссер әрі журналист, ақын Ербол Жұмағұловтың «Кітап» фильмінде басты рөлдерді белгілі Ресей актрисасы әрі тележүргізушісі Юлия Зимина мен отандық кино мен театр жұлдызы Берік Айтжанов сомдайды.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар