Жаңалықтар
Бейбітшілік пен тату көршілік саясат ты белсенді жүргізу керек
- author «Ақ жол»
- 10 қаңтар, 2019
- 222
Бейбітшілік пен тату көршілік саясат ты белсенді жүргізу керек
Елбасы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздің сыртқы саясатын одан әрі экономикаландыра түсу жөніндегі жұмыс жоспары мен министрлік алдында тұрған міндеттердің орындалуы туралы мәлімет ұсынылды.
Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің сыртқы саясатын экономикаландырудың және сыртқы саяси бағытымызды әрі қарай тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.
– Күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерді де ұмытпауымыз керек. Сыртқы істер министрлігінің міндеті – еліміздің сыртқы саясатын және бейбітшілік пен тату көршілік саясатын белсенді жүргізу. Бастаған ісіміздің бәрін одан әрі жалғастыру қажет, – деді Қазақстан Президенті.
Бейбіт Атамқұлов Мемлекет басшысына инвестициялық жобаларды ілгерілету жұмыстарына жүргізілген талдау нәтижелері мен министрліктің орталық аппаратының қызметін қайта түзу мәселелері жөнінде мәлімдеді.
Сыртқы істер министрі Қазақстанның дипломатиялық миссияларын сыртқы саясатты экономикаландыру жөніндегі жаңа міндеттерге сәйкес жұмыстарға бейімдеу үшін қабылданған шаралар туралы баяндады, сондай-ақ ел экспортының бағыттарын қайта қарастыру үдерісі жөнінде айтты.
Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді