Қазақ халқының мәдени мұрасы бүгінге дейін беймәлім болып келген халық әндері және күйлерімен толықты.
Моңғолияның Баянөлгей аймағының шалғай ауылдарына арнайы экспедиция жасаған Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстаздары мен студенттері жаңа әндер мен күйлерді алып қайтты. Баянөлгей аймағына бірнеше жыл қатарынан экспедицияны бастап барған профессор Қайырғазы Төленнің айтуынша, қазақтың қаймағы бұзылмаған ортада жарыққа шықпаған туынды көп. Ғалым бұған дейін тың күйлерді жинап, нотаға түсіріп, баспадан шығарған еді. Ал биыл сыбызғымен орындалатын күйлер мен дәстүрлі әндерге ден қойған. Экспедиция мүшелері әсіресе, моңғолиялық қандастарымыздың суырыпсалма қабілетіне қайран қалды. Ғалымдар 20-дан астам ән және сыбызғы күйін жазып әкелген. Енді құнды дүниелерді нотаға түсіріп, баспа бетіне шығармақ. Демеуші табылса, шығармаларды үнтаспаға жазу жоспарланған.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




