Қуат Әуесбай – халықаралық «Түркістан» газетінің бас редакторы

Қуат Әуесбай  – халықаралық  «Түркістан» газетінің бас редакторы
ашық дереккөз
Қуат Әуесбай – халықаралық «Түркістан» газетінің бас редакторы
Әулиеатаның тумасы, жас журналист Қуат Әуесбай халықаралық «Түркістан» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Жаңа басшыны газет ұжымына «Нұр-Медиа» холдингінің бас директоры Ләззат Танысбай таныстырды. Қызмет жолын «Ана тілі» газетінің тілшісі болып бастаған Қ.Әуесбай әр жылдары «Қазақстан-Заман» және «Айқын» газеттерінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі МемжерҒӨО «Баспа және редакциялау» бөлімінің меңгерушісі – «Қазақстан жер ресурстары» журналының бас редакторы, «Ақ желкен» республикалық журналы бас редакторының орынбасары, «Халық сөзі» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Кейінгі жылдары ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының хатшылығында, Ұлттық музейдің Бұқарамен байланыс бөлімінің меңгерушісі, «Еуразиялық Топ» ЖШС Сыртқы корпоративтік коммуникациялар бөлімінің сарапшысы, «Astana News» ЖШС-ның директоры, «Атырау ақпарат» ЖШС директорының орынбасары, Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінің Директор-Бас редакторы, елімізде тұңғыш латын қарпімен шығатын «Til Qazyna» газетінің редакторы болып қызмет атқарды. Қ.Әуесбай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің – журналистика факультетінің түлегі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің магистратурасын бітірген. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

«Aq jol» газетінің ұжымы.

Ұқсас жаңалықтар