Дәрігерлер бір сағат ішінде өңір тұрғындарының артериялық қан қысымын тексерген.
«Біз ресми түрде Гиннес рекордын орнатқанымыз туралы растайтын құжат алдық. Мұндай көлемдегі шара бірінші рет өткізілді, ол денсаулық сабағында өтіп, 4 мыңнан аса адамды жинады. Осылайша біз артериялық гипертония мәселесіне назар аударуын қаладық. Сол күні облыстық денсаулық сақтау басқармасы рекорд орнатқаны туралы өтініш берді», - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.
Осыған дейін артериялық қан қысымын өлшеу шарасы 2015 жылы Үндістанда өткізіліп, 3600 адамды жинаған.
Айта кетейік, 2018 жылы 5 шілдеде Ақтөбе дәрігерлері бір сағатта 4270 адамның артериялық қан қысымын тексерген болатын.