Жаңалықтар
Сұлтан Зәуірбек пен Нұртас Әжбенов кезекті жекпе-жектерін қашан өткізеді
- author «Ақ жол»
- 8 қаңтар, 2019
- 540
Сұлтан Зәуірбек пен Нұртас Әжбенов кезекті жекпе-жектерін қашан өткізеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жанкүйерлер үлкен үміт артып отырған қазақстандық боксшылар Сұлтан Зәуірбек (3-0, 2КО) пен Нұртас Әжбенов (2-0, 1КО) кезекті жекпе-жектерін 22 ақпан күні өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әлеуметтік желідегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап. Осы боксшылармен жұмыс істейтін MTK Global менеджерлік компаниясының мәлімдеуінше, олар алдағы кездесулерін Лондондағы белгілі York Hall аренасында өткізеді. 22 жастағы Зәуірбек пен 24 жастағы Әжбеновке кім қарсылас болары әзірге белгісіз. Соңғы рет қос боксшы да Лондондағы осы аренада 14 желтоқсан күні рингке көтерілген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




