Жаңалықтар
Australian Open: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды
- author «Ақ жол»
- 8 қаңтар, 2019
- 518
Australian Open: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисшілердің Үлкен дулығаның «Australian Open» чемпионатындағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап. 8 қаңтар күні басталатын іріктеу турнирінде ерлер арасындағы жеке сында Қазақстан атынан Александр Бублик пен Александр Недовесов, әйелдер арасында Елена Рыбакина қатысады. Жігіттердің екеуі де аустриялықтардың әуселесін байқап көреді. Александр Недовесов бүгін Деннис Новакқа қарсы кортқа шықса, Александр Бублик ертең Юрий Родионовпен күш сынасады.
9 қаңтар күні, сондай-ақ әйелдер арасында Елена Рыбакина қытайлық спортшы Линь Чжуды сынақтан өткізбек.
Аустралия ашық чемпионаты 27 қаңтарға дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




