Нұрсұлтан Назарбаев Қасиетті Успен кафедралдық соборына барды
- author «Ақ жол»
- 8 қаңтар, 2019
- 454
Мемлекет басшысы барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.
– Бүгін бүкіл Қазақстан, барлық конфессиялар мен этностардың өкілдері осы мейрамды атап өтіп жатыр. Бұл мереке мейірімділік пен бақ-берекенің символы саналады. Осы күні ескі өкпе-реніштер ұмытылып, мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп, дұға оқылады, – деді Қазақстан Президенті.
Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап мемлекетіміздің этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі жұмыстарды жүргізіп жатқанына тоқталды.
– Біз бірлігіміздің арқасында экономикада және халқымыздың әл-ауқатын арттыру ісінде зор жетістікке жеттік. Мен егемендік жылдары ішінде православ христиандарының қолдауын сезіндім, сол үшін сіздерге ризашылық білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің жер бетіндегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға бағытталған жаһандық дінаралық диалогты дамыту ісіндегі рөлін атап өтті.
– Бұл күндері барлық православ қауымы Жаратушыдан жақындарына денсаулық пен амандық, елімізге тыныштық, бейбіт өмір мен келісім тілейді. Осы дұға-тілектердің бәрі қабыл болсын! Баршаңызды Рождество мерекесімен тағы да құттықтап, сіздерге зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін! – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Қазақстанның бірлік пен бейбітшіліктің арқасында ғана жаңа табыстарға қол жеткізетінін айтты.
– Біз достық пен өзара түсіністікті, бір-бірімізге деген сенімді нығайтуға бағытталған саясатымызды жалғастыратын боламыз. Осындай бастамамамен ғана алға ілгерілеп, болашақ ұрпақтың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасай аламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Қазақстан Президенті Православ Шіркеуі Рухани-мәдени орталығының дін жолында құрбан болғандар мен дін таратушылар музейінің экспозициясын аралап көрді.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




