Жаңалықтар
Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі желтоқсанда 26 440 теңге болды
- author «Ақ жол»
- 4 қаңтар, 2019
- 580
Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі желтоқсанда 26 440 теңге болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың желтоқсан айында жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 26 440 теңгені құрады. Бұл өткен айдағыдан 1,3 % аз (қараша айында - 26 108 теңге), деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап. Негізгі азық-түлік өнімдерінің ең аз нормалары бойынша есептелген, ең төменгі күнкөріс деңгейінің жан басына шаққандағы орташа мөлшері 2018 жылғы желтоқсан айында 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 3,3 % артқан.
Өткен айда ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымында: ет пен балыққа шығындардың - 20,5%, сүт, май өнімдері және жұмыртқаға - 16,3%, көкөністер мен жемістерге - 8,3%, нан өнімдері мен жарма өнімдеріне - 7,6%, қант, шай және дәмдеуіштерге - 2,3% жұмсалған.
Автор: Асхат Ахметбеков
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




