Жаңалықтар
Жанкүйерлердің үмітін ақтауға тырысамыз - Андрей Карпович
- author «Ақ жол»
- 4 қаңтар, 2019
- 657
Жанкүйерлердің үмітін ақтауға тырысамыз - Андрей Карпович
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Оқжетпес» футбол клубының жаңа бас бапкері Андрей Карпович алдағы маусымдағы жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Команданың бас жаттықтырушысы ретінде өзіме қойылатын талаптарды жақсы білемін. Команда соңғы кездері ала-құла ойнап жүр. Бұл әрине, премьер-лигада тұрақты өнер көрсеткісі келетін команда үшін тиімсіз. Сондықтан, жақында оқу-жаттығу жиындарында команданы жасақтап, алдағы мақсаттарымызды айқындайтын боламыз. Әсіресе, үздіктер қатарына іліну үшін бар күшімізді саламыз. Ең басты клуб басшылығы мен жанкүйерлерінің үмітін ақтауға тырысамыз, - деді Андрей Карпович.
Айта кетейік, бүгін «Оқжетпес» футбол клубының басшылығы БАҚ өкілдеріне команданың бас жаттықтырушы болып тағайындалған Андрей Карповичті таныстырды. Онда клуб басшылығы енді «Оқжетпестің» премьер-лигада 90 пайыз жаңа құраммен ойнайтынын айтқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




