Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Шоқан Уәлиханов атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында «Ұлттық сананы жаңғырту – ортақ міндет» тақырыбында семинар өтті.
Басқосуды облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Берік Бегалиев ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде ағымдағы жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындаған мәселелерді жүзеге асыру бойынша көптеген жұмыстар атқарылғанын тілге тиек етті. Алдағы жылы жұмыс қарқыны жаңаша форматта өрбитінін де сөз етіп, аудандардан келген жобалық офис өкілдеріне тың ойлармен іске кірісу қажеттігін айтты.
Семинар барысында бірқатар азаматтар баяндама жасады. Алдымен «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Уәлихан Болатбек сөз алып, көкейінде жүрген бірқатар мәселелерді ортаға салды. Ол сөз сөзінде «Рухани жаңғырудың» мәнісін түсінбей жалаң ұранға айналдырып жүрген жандарға базынасын айтып, бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Баяндамашының ұлттық спортымыз көкпар додасын өткізудің тың жолдарын қарастыру, асық ату спортын жаңаша жетілдіру секілді көптеген ойлары жұрттың көңілінен шықты. Сондай-ақ Уәлихан Болатбек бірқатар ауылдарда домбыра үйірмесін ашу туралы да ойымен бөлісті.
Кейіннен облыс әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинеті басшысының орынбасары Бигелді Тәжібаев, Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» газеті бас редакторының орынбасары Бекнұр Сатыбалдиев, облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің әкімшісі Айбек Әжібаев бастаған азаматтар баяндама жасап, ұсыныстарын білдірді. Семинарға келушілер өз кезегінде көкейлерінде жүрген ойларын жеткізіп, пікір алмасты.
Семинарға келушілер түс қайта Тараз қаласындағы бірқатар тарихи орындарға экскурсия жасады.
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Тараз қаласы.
Суретті түсірген
Ақәділ Рысмахан.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді