Нығматулин алдағы жылғы Мәжіліс депутаттарының негізгі жұмысын атады
- author «Ақ жол»
- 26 желтоқсан, 2018
- 540
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин 2019 жылдағы палата депутаттарының негізгі жұмысын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осы орайда ол кезекті сессия аяқталмағанын, бүгінде Мәжіліс қарауында тағы да 40-тан астам заң жобасы бар екенін еске салды.
«Осы құжаттардың барлығын сессияның соңына дейін талқылап, жоғары деңгейде қабылдауымыз керек. Себебі Президенттің тапсырмаларын әрқашан сапалы заңдармен қамтамасыз ету - біздің басты мақсатымыз. Сондықтан барлық фракциялар, барша депутаттар бірлесіп, тиімді әрі белсенді, нәтижелі қызмет атқаруымыз қажет», - деді Мәжіліс төрағасы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2018 жылдағы Мәжілістің соңғы жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Сонымен қатар, Мәжіліс Арменияның Премьер-Министріне қатысты құжатты талқылады.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




