Ауданда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылды. Айталық, есепті мерзімде 2487 адам жұмыспен қамтылса, оның 1380-і тұрақты жұмыс істеуде. Бағдарламаның бірінші бағыты – техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету. Бұл бағытта биыл 289 азамат әртүрлі мамандықтар бойынша қысқа мерзімдік оқуға жолдама алып, 280 адам оқуын аяқтады. Оның 171-і жұмысқа орналасты. Бағдарламаның екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған. Сондықтан ағымдағы жылы аудан бойынша 83 адам шағын несие алып, нәтижесінде 30 жұмыс орны құрылды. Ал үшінші бағыт «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» деп аталады. Бұл бағыт бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 91 адам жолдама алып, бүгінгі таңда 40 азамат жұмысын аяқтап, тұрақты жұмыспен 32 адам қамтылды. Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша 188 адам тіркелсе, 1 желтоқсанда 105 азамат жұмысын аяқтап, 65-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруда 456 адам тартылды. Жұмыспен қамту бағытындағы индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы жыл аяғына дейін 100 пайызды құрайды деп күтілуде.
«Aq jol-Aqparat»
Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




