Басты жаңалық
Қытайдағы жер сілкінісінен кемінде 150-ге жуық азамат қаза тапты
- author «Ақ жол»
- 3 тамыз, 2014
- 862
Қытайдағы жер сілкінісінен кемінде 150-ге жуық азамат қаза тапты
Қытайда болған жер сілкінісі салдарынан кемінде 150 адам қаза тауып, жүздеген азамат зардап шеккен.
Бұған дейін БАҚ 26 азаматтың көз жұмғанын және 79 адамның жараланғанын хабарлаған болатын. Магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі жексенбі күні Қытайдың оңтүстік батысындағы Юньнань провинциясында тіркелген. Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 16,30-да орын алған. Зілзаланың ошағы Вэньпин елдімекенінен 11 шақырым, Чжаотун қаласынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер асты дүмпулері 10 шақырым тереңдіктен байқалды.
Осы оқиға салдарынан негізінен 265 мың тұрғыны бар Лудиан (Ludian) елдімекенінің тұрғындары зардап шеккен. Телефон байланыс үзіліп, бірқатар құрылыс нысандары қираған. Электр өткізетін желілер де бүлінген.
Провинция билігі жергілікті тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсетуді бастап кетті.
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




