Жаңалықтар
Индонезияда болған цунамидің видеосы әлемдік БАҚ-та тарап кетті
- author «Ақ жол»
- 24 желтоқсан, 2018
- 573
Индонезияда болған цунамидің видеосы әлемдік БАҚ-та тарап кетті
Индонезияда жергілікті тұрғындар цунамидің жағажайды шайып өткен сәтін видеоға түсіріп үлгерген. Ол кезде Seventeen музыкалық тобы өнер көрсетіп жатқан, - деп хабарлайды Jakarta Post тілшісі.
Апат салдарынан музыканттардың бірі және топтың гастрольдік менеджері мерт болған, сондай-ақ, бірнеше адам із-түссіз жоғалып кетті. Ақпараттар бойынша, әншілер бірнеше ұжым мүшесін әлі де іздестіріп жатыр. Олардың қатарында гитарашы, соғымпаз, вокалшының әйелі мен тағы бір адам бар. Видео кадрларында толқын сахнаны, онымен қоса, әншілерді шайып түсіп, кейін көрермендерге беттейді. Айқай-шу естіледі, сосын видео өшіп қалады. Үрей тудыратын кадрлар әлем БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желілерде лезде тарап кетті.
22 желтоқсанда Индонезияның батысындағы Зонд бұғазының жағажайын цунами шайды. Ол Анак-Кракатау аралында жанартау атқылауының салдарынан болған.
Перейти на сайт рекламодателя
Реклама 00
Пропустить
Узнать больше
Соңғы мәліметтер бойынша, апат салдарынан 222 адам қайтыс болған. 843 адам зардап шеккен және 28 тұрғын із-түссіз жоғалған. Толқын жүздеген үй, ғимарат, көлік жолдары мен инфрақұрылымдарды қиратты.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді









