Үш жасар бала аяз буған тайгадан жалғыз өзі шыққан
- author «Ақ жол»
- 24 желтоқсан, 2018
- 156
Жергілікті тұрғын кешкісін ұлын балабақшадан алып, бірге өзенге барған. Ол алдағы күндері балық аулауға бару үшін жолды біліп қайтпақшы болған. Ер адам елді мекеннен 3 шақырым қашықтықтағы орманда баласын жағалауға түсіріп кеткен. Өзі қар кешкішпен өзеннің үстімен жүріп келе жатқанда, мұз жарылып, суға батып кеткен.
Баланың түсіндіруінше, әкесі ұлына ауылға қайтуын айтып қана үлгерген.
Бүлдіршін қар кешкіштің ізімен үйіне қайтпақшы болады. Ол жолға шыққаннан кейін, ауылға қарама-қарсы бағытпен кетіп қалады. Ауа температурасы түнде 30-35 градус аяз болған.
«Абыорой болғанда, көлік мүлдем жүрмейтін жолмен ағаш дайындайтын кәсіпорыннан жергілікті тұрғындардың бірі үйіне қайтып келе жатқан. Ол баланы көріп қалып, үйіне жеткізген», - деді ауыл әкімшілігінің қызметкері Гүлнара Канавцева.
Қазіргі таңда мұздың астына батып кеткен ер адамның денесі іздестіріліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді