«Өссе тілім мен де бірге өсемін»
Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл – Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында облыстық форум болып өтті. Ықылас Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық Мәдениет үйінде ұйымдастырылған шараға мемлекеттік тілдің жанашырлары мен зиялы қауым өкілдері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын облыстық қазақ драма театры әртістері әзірлеген «Тәуелсіздік тұғыры – тіл ғұмыры» атты композициямен ашылды. Іс-шарада облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік тілдің мәртебесі артқанын, салада толайым табыстарға қол жеткізілгенін айтып, ұзақ жылдар бойы тіл жанашырлары ретінде барлық істерде бірге болған жандарға ризашылығын жеткізіп, бірқатар азаматтарды Алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапаттады.
Облыстық форум барысында ТИГУ ректоры, жуырда ғана республикалық байқауда «Жыл патриоты» аталымы бойынша жеңімпаз атанған Ерболат Саурықов, тәуелсіздіктің құрдасы Светлана Бойко сөз сөйлеп, тәуелсіздік тағылымы, Ұлы Дала елінің байырғы тарихы туралы толғамды ойларын ортаға салды. Әсіресе қазақтың арғы-бергі тарихын тереңнен қаузап ой қозғаған Ерболат Саурықовтың мазмұнды баяндамасы көпшіліктің көңілінен шықты. Облыстық «Арай» жастар газетінің бөлім меңгерушісі, ақын Нұржан Қадірәлі жалынды жырын оқып, залға жиналған жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.
Шара соңы Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармония ұжымы әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




