«Баласағұнда» өткен бостандық толғауы
Тәуелсіздік күніне орай «Баласағұн» орталық концерт залында Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның қазақ ұлт аспаптар оркестрі ұжымы «Тәуелсіздік толғауы» атты концерттік бағдарламасын жұртшылық назарына ұсынды.
Мерекелік шара барысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери үрмелі аспаптар оркестрі, «Кәусар» вокалдық, «Ақкербез» би ансамблі, Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері Е.Рысметов, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары Ә.Уашева, Д.Байзілдаев, Е.Ибаділдаев, Ә.Абдуалиева, Д.Әлібеков, Б.Муминов және өзгелер өнерлерін ортаға салды.
Бағдарламаға сай өнерпаздар мен оркестр дирижер Адай Жұматтың жетекшілігімен Нұрғиса Тілендиевтің «Атадан мұра», Л.Хамидидің «Бұлбұл», Ә.Желдібаевтың «Тұран елі» шығармаларын тарту етті.
Концерт барысында Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әні» шығармасы шырқалғанда залға жиналған жұртшылық қосыла әндетті. Мерекелік шара Құрманғазының «Сарыарқа» атты туындысымен түйінделді. Бұл күні Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның ұлт аспаптар оркестрі репертуарын жаңартып, мазмұнды дүниелермен байыта түскені қуантты. Бағдарламаға әлемдік деңгейдегі шығармалардың қосылғаны – үлкен олжа. Қысқасы, «Тәуелсіздік толғауы» деген атпен жұртшылықтың назарына ұсынылған концерттік бағдарлама жүректерге жетті.
Т. Мұсылманқұл.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




