Мұнда әр гектардан 30 центнерден өнім жиналуда
«Сыпатай батыр» серіктестігінің дихандары Ауданда алғашқылардың бірі болып егін жинауға кіріскен болатын. Бұрындары тек жайылым ретінде пайдаланылып келген «Ойбаз» алқабына 70 гектар жаздық арпа себілген еді. Қуаңшылыққа қарамай 10-11 центнерден өнім берді.
– Енді негізгі астықты алқаптарға кірістік. Суармалы 200 гектар арпа алқабының әр гектарынан 30 центнерден өнім алудамыз. Бұл сөз жоқ, ағын судың өзі тапшы болып тұрған қазіргідей кезде жоғары көрсеткіш. Осы арпа алқабын орып бітісімен, 100 гектар бидай алқабына комбайн түседі. Бұйыртса суармалы ол алқапта 30 центнерден өнім береді деген ойдамыз, – дейді орақ басында жүрген серіктестік директоры Қанат Шайхиев. Теңіздей толқыған егін алқабында уақытпен санаспай тер төгіп жүрген Асқар Тілеубаев, Есбол Мәденов, Арнат Айжарық, Жансерік Жаңабай сынды комбайншылардың еңбегі ерен. Олардың алаңсыз еңбек етуіне барлық жағдай жасалынған. Уақтылы демалып, түскі ыстық аспен қамтамасыз етілген. Еңбек жалақылары да еңбегіне қарай төленбек.
«Ақ жол-Ақпарат».
Меркі ауданы.
Суреттерді түсірген Еркін Жасыбаев.
Ұқсас жаңалықтар
Отбасы бюджеті: жоспарлау, кіріс пен шығысты басқару
- 22 қаңтар, 2026
Ет те көп, сүт те көп
- 20 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




