Қазақстандық боксшы титулдық жекпе-жек өткізеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы Facebook-тегі ресми парақшасында қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтың келесі айқасы туралы жариялады, деп хабарлайды Sports.kz. Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов келесі айқасын Монреалда, Канадада өткізеді. Бұл бокс кеші келесі жылдың 26 қаңтарында өтеді. Қазақстандықтың қарсыласы әзірге белгісіз, бірақ ол WBC «жастар» чемпионы титулы үшін күш сынамақ. Еске салайық, 20 жастағы Ахмедов кәсіби рингте сәуірде дебют жасаған. Содан бері алты жекпе-жек өткізіп, барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




