Страсбургтегі атыстың салдарынан қайтыс болғандар саны 4 адамға жетті
- author «Ақ жол»
- 12 желтоқсан, 2018
- 423

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Страсбург қаласының орталығы Клеберде ұйымдастырылған жәрмеңкеге жақын маңда болған атыс салдарынан қайтыс болғандар саны 4 адамға жетті. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлайды.
Ұқсас жаңалықтар
Агенттіктің жазуынша, атыс салдарынан 4 адам мерт болып, 11 адам зардап шекті, деп хабарлаған Нижний Рейн департаментінің өкілдері.
Франциялық БАҚ қарулы шабуыл жасаған азаматтың есімі белгілі екендігін хабарлады. Осы уақытта оны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Билік өкілдері болған жағдайды теракт деп бағалап отыр.
Полиция оқиға болған ауданды қоршауға алып, онда қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылған.
Осы оқиғаға байланысты Франция президенті Эммануэль Макрон Елисей алаңында өтуі тиіс мәжілісті тоқтатты.
Страсбургтегі Еуропарламент ғимараты маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Осыған дейін Страсбург орталығында атыс болғандығы хабарланды.
Сондай-ақ атыс салдарынан қайтыс болғандар санының артқандығы жазылды.
Сонымен қатар Страсбургте сәрсенбі қаралы күн болып жарияландығы хабарланды.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




