Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап кітапханасында небәрі 21 жасында өмірден озған жас ақын Бибол Жұмағалиұлының шығармашылығына арналған «Мен қайта оянамын!» атты әдеби кеш өтті. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Филология және журналистика кафедрасының «Көзайым» әдеби шығармашыл жастар үйірмесі ұйымдастырған шараға өлеңсүйер қауым мен оқырмандар қатысты.
Бибол Жұмағалиұлы 1988 жылы 3 шілдеде Шығыс Түркістанның Тоғызтарау ауданында дүниеге келген. Анасынан ерте айырылған ол ең алғашқы өлеңдерін мектеп қабырғасында жүріп жазыпты. ҚХР Іле облыстық қазақ орта мектебін бітірген ақын 2008 жылы атажұртқа оралған. 2008-2009 жылдары М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың дайындық бөлімінде білім алады. 2009 жылы 28 маусымда кенеттен көз жұмды.
Кеште өмірімен тым ерте қоштасқан жас ақынның өлеңдерін «Көзайым» әдеби шығармашыл жастар ұйымының мүшелері тебірене оқыды. Айталық, Гүлжауһар Бажақай «Мен қайта оянамын», Гүлнұр Бекбай «Поэзия», Анар Матчанова «Өмір дейтін өркен тауда мұң кештім», Ақмарал Әлдибай «Ақынға сыр», Абылайхан Кеңесов «Мына маған дәулет бітті, сенсеңіз» атты Биболдың жырларын жатқа оқыса, университеттің белсенді студенттері Әбдір Шапағат, Ербол Елхат, Айдар Хамит, Мереке Оңалбек ақынға арналған өлеңдерін оқыды.
«Aq jol-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




