Альмира ОМАРОВА
Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық Мәдениет үйінде Хамит Мәмбетовтің «Өз далаңды асқақтатып, тауларды аласартпа!» тақырыбындағы әдеби-музыкалық сабағы өтті.
Хамит Исаұлы – режиссер, продюсер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының белсендісі, Олжас Сүлейменовтің кеңесшісі, белгілі көркемсөз шебері. Сондай-ақ ол Астана қаласы тұсаукесерінің бірінші дикторы болған.
Әсіресе классикалық әдебиетке бағытталған шараны кеш иесі өзі ашып, жүргізді. Рухани-адамгершілік мұраның маңыздылығы, өскелең ұрпақты әдеби шығармаларды оқуға ынталандыру, сол арқылы дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған шара халықтар достығына, ұлтаралық келісімге де үлкен үлес қосуымен маңызды болды. Өйткені музыкалық кеште көркемсөз оқудың асқан шебері Хамит Мәмбетов Абай Құнанбайұлының, Ыбырай Алтынсариннің, Махамбет Өтемісұлының, Мұқағали Мақатаевтың, Олжас Сүлейменовтің, Александр Пушкиннің, Михаил Лермонтовтың, Сергей Есениннің өлеңдерін мәнерлеп оқыды. АЛЖИР лагері, Қазақстанның киелі орындары жайлы да құнды деректер келтіріп, бейнероликтер көрсетті. Шара барысында Хамит Исаұлы өлеңнің бірінші жолын оқыса, мұнда жиылған ұстаздар қауымы оны жалғастырды. Кейбірі тіпті сахнаға шығып өнерлерін ортаға салды.
Әдеби-музыкалық сабақта шығармалар тек жанды дауыста орындалды. Көрермендермен диалог түрінде өрбіген кеш өте шынайы, ерекше және тартымды шықты.
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




