Парижде Қазақстанның қатысуымен Жібек жолын жаңғырту жайы талқыланды

Парижде Қазақстанның қатысуымен Жібек жолын жаңғырту жайы талқыланды
ашық дереккөз
Парижде Қазақстанның қатысуымен Жібек жолын жаңғырту жайы талқыланды

Парижде Жібек жолын жаңғырту жайы талқыға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыдан бес жыл бұрын Астанада жалпақ жұртқа жария болған Қытайдың бір белдеу – бір жол бастамасы қазір Еуразия құрлығының көптеген елін біріктірді. Жобаға қатысушылар өзара қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, бірлесе дамудың даңғыл жолына ұмтылуда. Жасыл экономикаға өту, жаңа ғылыми-техникалық революциялар және инклюзивті өсім кездесудің басты тақырыбы болды. 

Нобель сыйлығының лауреаты Джеффри Сакс бастаған әлемнің жетекші сарапшылары жаңа Жібек жолының экономиканы дамытудағы мүмкіндіктерін талқыға салды. Негізгі басымдық – инвестиция. Алайда елге қаржы тарту жеткіліксіз. Ең бастысы одан мемлекетке келер пайданы ойлау керек. Мамандар бүгінгі таңда мемлекетаралық қарым-қатынастың маңызды екенін алға тартады.

Балаш Хорват, БҰҰ Даму бағдарламасының стратегиялық кеңесшісі:

– Қарым-қатынас құру тек екіжақты зерттеулерден тұрмайды. Бұл толыққанды ашық алаң болуы керек. Сол арқылы сараптамалық орталықтар арасындағы байланыс нығайып, өзара оқу әрі тәжірибе және пікір алмасу болады.

Париждегі жиынға Қазақстан атынан әлемдік экономика және саясат институтының қызметкерлері қатысты. Олар бір белдеу – бір жол аясындағы еліміздің тәжірибесін ортаға салып, өз зерттеулерін ұсынды.

Ержан Салтыбаев, Әлемдік экономика және саясат институтының директоры:

– Жалпы зерттеу нәтижесі Орталық Азиядағы барлық елдердің бұл жобаға дендеп енгенін көрсетті. Олардың барлығында Қытай инвестициясы бар. Бұл мемлекеттерде қытай капиталының араласуымен түрлі жобалар жүзеге асып жатыр. Бірақ өкінішке орай, аталған бастаманың тұтас аймақтың дамуына қалай жұмыс істейтіні жайлы бірыңғай түсіністік жоқ.

Бұл жоба еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып, өзге қатысушы мемлекеттерге шығуға үлкен мүмкіндік береді. Бүгінде қазақстандық өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына 64 млрд доллар инвестиция тарту туралы келісімдер жасалды. Қытай қаржысы Қазақстанның экономикасын ғана емес, аймақтың да дамуына мүмкіндік ашуы тиіс.

Авторы: Әлия Сыздықова Осы категория бойынша: « Қазақстан мен Германия 4 жылда 20 келісімге қол қойғанСолтүстікқазақстандық шаруалар мал азығына қажетті биоқоспа жасауды қолға алды » Серіктестер жаңалықтары Рахман Омардың әйелін өлтірді деп айыпталған күдікті өз ..Ескендір Сүлейменовтің өлімі: Төреғали Төреәлі кінәлі деп ..Тоқтар Серіков бейнебаянында бойжеткенмен аймаласқан ..Қарағандылық әйел күйеуіне қалай опасыздық жасағанын айтты

Ұқсас жаңалықтар