Өскелең ұрпақтың бойында өз еліне, халқына, ауылына деген сүйіспеншілігін арттыру, қиялын, танымдық қызығушылығы мен ой-өрісін дамыту арқылы ойын жүйелі түрде мазмұндай алатын дарынды балаларды анықтау мақсатында облыстық «Аq jol» газеті мен Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығы облыстың мектеп оқушылары арасында «Туған жерге туыңды тік!» тақырыбында аймақтық шығармалар (эссе жазу) байқауын жариялайды.
10-17 жастағы білім алушылар жас санаттары бойынша қатыса алатын сайыс «Ұлы Дала тұлғалары», «Жомарт жүрек» және «Туған жерге туыңды тік!» аталымдары бойынша эссе, мақала жазады. Ескеретін бір жайт – бір автордан бір ғана шығармашылық жұмыс қабылданады.
Автордың ұстанымы, сауаттылығы, жазу стилінің көркемдігі, мақаладағы дерек пен дәйектің шынайылығы талап етілетін сында әрбір шығарма 1-ден 5 балға дейін бағаланады. Ең көп ұпай жинаған жұмыс өзінің жас тобына сәйкес жеңімпаз болып табылады. Қазылар алқасының шешімімен оқ бойы озық шыққандарға (әр аталым бойынша) жүлделер беріліп, дипломдармен марапатталады.
Ереженің толық нұсқасымен облыстық «Аq jol» газетінің сайтынан оқып, біле аласыздар.
«Aq jol-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Мұғалімнің мүддесін қорғауда үлкен рөл атқарып келеді
- 15 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




