Радикалды діни ағымды ажыратудың негізгі әдістері

Радикалды діни ағымды ажыратудың негізгі әдістері
ашық дереккөз
Радикалды діни ағымды ажыратудың негізгі әдістері

Жүрегімдегі сенім қате деп біреудің айтуыекіталай. Одан да өзгені адасқан деуәлдеқайдаоңай. Ал, дұрыс пен бұрысты ажыратуға көбінебілім жете бермейді. Есесіне, «ақылшыұстазсымақтар» бар. Міне, солардың сөзінқұптаушылар баршылық. Ақиқатты, тек сол«ұстаздар» ғана айтады деген фанатизм басым. Исламның теңіздей ғылымын сол тобырдың сөзінесыйдыра салу және солардың пікірімен ғанаөлшеунеткен дәрменсіздік.

Әңгіме «Бізсалафпыз» деп жүргендер жайлы болмақ. Кеше оларды «уахаби» десе, тарихтағы алғашқы атаулары – «хауариж». Олар әр заманда қоғамға бейімделу үшін атауларынөзгертіп отырған. Алайда, ұстанған бағыты мен тәсілі бір. Солқалпында сақталған. Сондықтан да, оларды ажыратып алуғаболады.

Әбу Сағид Худри (р.а.): «Біз Алла елшісі (с.ғ.с.) құзырындаедік. Пайғамбар (с.ғ.с.) адамдарға зат үлестіріп жатқан. Сонда Бәну Тәмим руынан шыққан Зул-Хуайсира атты кісі келіп: Ей, Алла елшісі! Әділ бол,-деді. Пайғамбар (с.ғ.с.) оған: «Сорыңқұрысын! Мен әділдік етпесем, кім әділдік жасайды. Егер мен әділдік жасамасам сенің сорың құрып, ақырың жаман болареді,-деді. Сонда Омар: «Уа, Алла елшісі! Рұқсат етіңіз, оныңбасын шауып алайын,-деді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Тиіспе, оныңжолдастары бар. Сендер олардың намаздарының жанында өзнамаздарыңды, оразаларының алдында өз оразаларыңды түккетұрғысыз деп білесіңдер. Олар Құран оқиды, бірақ оқығандарыкөмейінен ары аспайды. Олар діннен аңды тесіп өткен жебедейалыстай түседі. Жебенің ұшына қарасаң, еш нәрсе (қан) таппайсың…»,-деді.

Әбу Сағид: Мен бұл хадисті Алла елшісінен (с.ғ.с.) естігендігімен куәлік етемін. Әлидің олармен соғысқанын, Әлидің жанында болғанымды куәлік етемін. Ол адамды алыпкелуге бұйрық берді. Тұтқындалған адамға қарағанымдаПайғамбар (с.ғ.с.) суреттеген кісіні көрдім (Бұхари)»,-дейді.

Бұл оқиға Пайғамбар (с.ғ.с.) Хунайн шайқасынан кейін төрткісіге алтын үлестіріп бергенде болған еді. Алтынды Әли бин Әбу Толиб (р.а.) Йеменнен жіберген болатын. Ал, Зул-ХуайсираТәмими жайлы Ибн Хажар: «Бұл кісі жайлы хадистерде анықдерек айтылмаған. Абдурахман бин Әбу Ниъмал-Мушар оны: «Екі ұрты шығыңқы, көздері үңірейген, маңдайы шығыңқы, сақалы қалың, шашын қырып тастаған, балағы түрілген»,-депсуреттеген.

Әбу Бәкра (р.а.) риуаятында: «Ұзын бойлы, қара кісі. Балағытүрілген, шашы қырылған және екі көзінің ортасында сәжденіңізі бар (Ахмет, Табари)»,-деп келтірілген. Абдулла бин Амр(р.а.) риуаятында: «Дала арабтарының бірі, дінге жақында ғанакірген (Баззар, Табари)»,-деп айтылған.

Риуаятта: «Ей, Мұхаммед! Уаллаһи, Алла саған әділ болудыәмір еткен болса, мен сенің әділдік еткеніңді көрмедім (Баззар, Хаким)»,-делінген.

«Оқыған Құраны көмейінен аспайды». Міне, бұл хадис жастардың аталмыш ағымға құштарлығының себебін ашықайтып отыр. Бір қарағанда, намазын керемет оқып, оразасынаберік адамнан кім күдіктенуі мүмкін? Бірақ, Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) олардың Құран оқитындығын, намазы мен оразасынкөрген адам ерекше таң қалатындығын айтып ескертті. Ал, оқыған Құраны

Ұқсас жаңалықтар